---
title: "Егер сізге «Сенің пойызың кетіп қалды»-, деп айтса , тағы басқа көліктер бар екенін ұмытпа!"
description: "Егер сізге \"Сенің пойызың кетіп қалды\"-, деп айтса , тағы басқа көліктер бар екенін ұмытпа! Жетемін ..."
author: "aizadafaizullina"
published: "2014-08-18T05:41:21+00:00"
modified: "2014-08-18T05:41:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/eger-sizge-seni-poyyzy-ketip-aldy-dep-aytsa-ta-y-bas-a-k-likter-bar-ekenin-mytpa-421226"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/eger-sizge-seni-poyyzy-ketip-aldy-dep-aytsa-ta-y-bas-a-k-likter-bar-ekenin-mytpa-421226/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Егер сізге «Сенің пойызың кетіп қалды»-, деп айтса , тағы басқа көліктер бар екенін ұмытпа!

> Егер сізге "Сенің пойызың кетіп қалды"-, деп айтса , тағы басқа көліктер бар екенін ұмытпа! Жетемін ...

Егер сізге "Сенің пойызың кетіп қалды"-, деп айтса , тағы басқа көліктер бар екенін ұмытпа!

Жетемін десең мұратқа,

Байрағыңды құлатпа!

Кір келтірме ешқашан

"Қазақ" деген ұлы атқа!

 

Жол.....Көкжиекке ұзағынан көз саламын. Күннің көзі ақырын ғана ұясына батып бара жатыр.Кеш те келді. Ойыма «бүгін не істей алдым?» деген сұрақ келді. Көп ойландым, ойыма тек сабақ келеді. Сонда мен бүгін тек сабақ қана оқыдым ба? Жоқ.... Біздің өмірімізде біз байқамайтын көп нәрсе бар. Бір өнер қолымыздан келсе, екіншісі бізге бағынбайды. Бір істі үлгерсек, бір істі үлгермей жатамыз. «Егер сізге: «Сенің пойызың кетіп қалды»-,деп айтса, тағы басқа көліктер бар екенін ұмытпа!»-бұл ұғымға тереңінен назар аудару керек. Қалай ойлайсыз? Бұл дүниеде неге адамдар байлар мен кедейлерге бөлінеді? Себебі, бірі кәсібі сәтсіздікке ұшырағандықтан, оған қолын сермеп тастап кетеді, ал бірі ісін тастамай, мәселенің шешу жолын іздеп, жаңа жол тауып, кәсібін көркейтеді. Кәсіп түбі-нәсіп. Өмір деген–ұзын жол. Ұзын жолда қилы-қилы тастар кездеседі. Бұл өмір сынақтары. Бастысы,бұл сынақты сүрінбей өту. Пойыз өтіп кетсе де, артынан сізді алып кетуге ұшақ келетінін ұмытпаңыз. Өмірдің тұзақтары қанша қиын болса,оның сізге беретін сыйы да сонша. Қараңғы қапаста қалдым деп, ешқашан мұңаймаңыз.

Сіз Назарбаев Зияткерлік Мектебінде оқисыз! Алдыңыз да үлкен мұрат бар. Бұл мектеп сіздің қайратыңызды шыңдап, үлкен өмірге дайындайды.Сіздің пойызыңыздың кетіп қалмайтынына сенемін,кетіп қалса,уайымдамаңыз! «Мектеп-кеме,білім–теңіз»-демекші,білімменен, мектеппенен болашаққа нық қадам басамыз!Армандай біліңіз! Арман ғана сізді , биік белеске жеткізе алады!

Алға Назарбаев мектебінің жастары!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/eger-sizge-seni-poyyzy-ketip-aldy-dep-aytsa-ta-y-bas-a-k-likter-bar-ekenin-mytpa-421226](https://yvision.kz/kk/post/eger-sizge-seni-poyyzy-ketip-aldy-dep-aytsa-ta-y-bas-a-k-likter-bar-ekenin-mytpa-421226)