---
title: "Ең үздік махаббат әндері"
description: "Барлығымыз асыға күткен, шуақты көктемнің айтулы мерекелерімен ілтесе келген, Қозы-Көрпеш – Баян сұ..."
author: "makala"
published: "2014-04-27T00:29:16+00:00"
modified: "2014-04-27T00:36:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-zdik-mahabbat-nderi-411371"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-zdik-mahabbat-nderi-411371/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ең үздік махаббат әндері

> Барлығымыз асыға күткен, шуақты көктемнің айтулы мерекелерімен ілтесе келген, Қозы-Көрпеш – Баян сұ...

Барлығымыз асыға күткен, шуақты көктемнің айтулы мерекелерімен ілтесе келген, Қозы-Көрпеш – Баян сұлу күніне орай қазірде жастарымыздың арасында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралардың қатары сан түрлі.Осы қатарда, №13 студенттер үйінің студенттер кеңесі мен аналитикалық коллоидтық сирек элементтер химиясы мен технологиясы кафедрасы және де химия мамандығының 301-303 топтарының ұйымдастырылуымен болған көңілді қойылымдардың бірі, жуық арада ғана химия және химиялық технология факультетінде өткен "Ең үздік махаббат әндері" атты кеш те тартысты өтті. Сайысқа факультет студенттері белсенді қатысып, өз орындауындағы керемет әндерін шырқап,бар өнерлерімен жиылған қауымды тамсандырып, тыңдарманның құлағының құрышын қандырды.Сайыс барысында көрермендерде силықтан қапы қалған жоқ,ұйымдастырылған кішігірім ойындар ойнатылып жеңімпаздар қуанып,көңіл толысып жатты. Кеш жоғарғы деңгейде өтті десек артық айтқанымыз емес,оған дәлел орындалған қайсы бір әннің болсын тыңдарман қауыммен қосыла шырқалуы..

Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй, – деп хакім Абай атамыз айтқандай, сайысқа қатысушы әншілеріміздің орындауында келесі топтамалар шырқалды: Жылқыбаева Айдана Шәмшінің "Қайдасың?" әнін, Серікбаева Ақтеңге "Миллион алых роз" әнін, Жолдас Ерасыл "Я тебя помню" әнін, Касимова Карина "Любовь настала" әнін, Сәрсебаева Ғазиза "Попури" әнін, Жойшубай Назгұл "Жаным" әндерін өз дәрежесінде орындап, қалың көпшіліктің көңілінен шықты.

![Ең үздік махаббат әндері](https://storage.yvision.kz/images/user/makala/hR37dTVRxJc82y7mgiafn4uH8QyDLO.jpg)

Қандайда бір жарыс өтпесін олжалы-орынсыз қалмайтыны рас.. Сайыс нәтижесінде, әділ-қазы алқасының әділ сараптауымен Сәрсенбаева Ғазиза 3-орынды жеңіп алса, Жылқыбаева Айдана екінші орынға жайғасты. Ал, бас жүлдені Жолдас Ерасыл мен Касимова Карина теңдей бөлісті.Студенттер арасында кереметтей кештің өтуіне басты себепкер болған,ардақты ұстаздарымызға айтар алғысымыз мол.Атап айтсақ, қаржылай қолдау көрсеткені үшін аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер химиясы мен технологиясы кафедрасының меңгерушісі - Қамысбаев Дүйсек Хайсағалиұлына, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер химиясы мен технологиясы кафедрасының оқытушысы, х.ғ.к., доцент Исмаилова Ақмарал Ғазизовнаға, бейорганикалық және жалпы химия кафедрасының оқытушысы, доцент - Рыскалиева Роза Габдрахмановнаға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Алдағы уақытта да "Ең үздік махаббат әндері" сынды көңілді кештеріміз,тартысты сайыстарымыз көптеп өтеді деген сенімдемін..

 

**Джиенали Айсұлу**

**Химия зерттеуші 3 курс студенті**

![Ең үздік махаббат әндері](https://storage.yvision.kz/images/user/makala/RL0HGqx5R272mr0QixDu70uBE4rOWW.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-zdik-mahabbat-nderi-411371](https://yvision.kz/kk/post/e-zdik-mahabbat-nderi-411371)