---
title: "«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін облыстық мекемелерде енгізу бойынша семинар"
description: "2015 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-03-20T04:06:16+00:00"
modified: "2015-03-20T04:06:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-yzmet-y-paldastyryl-an-a-paratty-zh-yesin-oblysty-mekemelerde-engizu-boyynsha-seminar-483344"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-yzmet-y-paldastyryl-an-a-paratty-zh-yesin-oblysty-mekemelerde-engizu-boyynsha-seminar-483344/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін облыстық мекемелерде енгізу бойынша семинар

> 2015 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор...

![«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін облыстық мекемелерде енгізу бойынша семинар](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/a30RAPv80FCTvb0WJXS54wO4P7jjyA.jpg)

2015 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бірлесіп «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін облыстық мекемелерде енгізу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға облыстағы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкерлері мен басшылары қатынасты. Кеңесті департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Сүйінбаев ашты, департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш өз баяндамасында «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі туралы жалпы түсінік берді және бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы кеңінен тоқталып өтті. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Сабирова мемлекеттік органдарда «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу жөнінде баяндама жасады.

Н.Сүйінбаев семинарға қатысушыларға «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін мемлекеттік органдарда енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына толық жауап қайтарылды.

![«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін облыстық мекемелерде енгізу бойынша семинар](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/2k2PvbhfWWE2tDqVa9oP43591Stv6x.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-yzmet-y-paldastyryl-an-a-paratty-zh-yesin-oblysty-mekemelerde-engizu-boyynsha-seminar-483344](https://yvision.kz/kk/post/e-yzmet-y-paldastyryl-an-a-paratty-zh-yesin-oblysty-mekemelerde-engizu-boyynsha-seminar-483344)