---
title: "Е.Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысымен кездесті"
description: "Published 13.10.2015 24.kz Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының бас ..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-10-12T22:15:15+00:00"
modified: "2015-10-12T22:15:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-ydyrysov-haly-araly-k-rmeler-byurosyny-bas-hatshysymen-kezdesti-577974"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-ydyrysov-haly-araly-k-rmeler-byurosyny-bas-hatshysymen-kezdesti-577974/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Е.Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысымен кездесті

> Published 13.10.2015 24.kz Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының бас ...

Published 13.10.2015

[24.kz](http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/86431-atshysymen-kezdesti) [!\[924be5dff1a66814b622c7440697612b_L\](http://gbpp.org/wp-content/uploads/2015/10/924be5dff1a66814b622c7440697612b_L.jpg)](http://gbpp.org/wp-content/uploads/2015/10/924be5dff1a66814b622c7440697612b_L.jpg)Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссортеласпен кездесті. Басқосуда БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясында айтылған маңызды мәселелер сөз болды. Әсіресе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік қауымдастық назарын аударған батыл ұсыныстарына айрықша мән берілді. Мәртебелі мейман халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс жұмыстарына қанығып, жобалардың жүзеге асу барысын жоғары бағалады. Ал Ерлан Ыдырысов халықаралық ұйыммен ынтымақтастық одан әрі нығая түскенін атап өтті.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9717

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-ydyrysov-haly-araly-k-rmeler-byurosyny-bas-hatshysymen-kezdesti-577974](https://yvision.kz/kk/post/e-ydyrysov-haly-araly-k-rmeler-byurosyny-bas-hatshysymen-kezdesti-577974)