---
title: "ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасайды"
description: "Бүгін Астанаға ЕҚЫҰ және АӨЫСШК мүше әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен әскери сарапшылар мен өкілдер к..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-09-16T05:33:21+00:00"
modified: "2013-09-16T05:33:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-y-ba-ylaushylary-aza-stan-or-anys-ministrligini-skeri-nysandaryna-inspekciya-zhasaydy-374238"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-y-ba-ylaushylary-aza-stan-or-anys-ministrligini-skeri-nysandaryna-inspekciya-zhasaydy-374238/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасайды

> Бүгін Астанаға ЕҚЫҰ және АӨЫСШК мүше әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен әскери сарапшылар мен өкілдер к...

**Бүгін Астанаға ЕҚЫҰ және АӨЫСШК мүше әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен әскери сарапшылар мен өкілдер келді. 16-19 қыркүйек аралығында шетелдік бақылаушылар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі және «Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының» ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасайды.**

![ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасайды](http://mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/160913/1.jpg)

Қазақстан Республикасының бастамасымен бұл іс-шараға қатысуға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің өкілдері алғаш рет шақырылып отыр.

 
 

– Қазақстан Вена құжаты шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерін уақтылы әрі толық орындауға барынша маңыз береді, – деп атап өтті генерал-майор Б. Майкеев өз баяндамасында. – Біз ЕҚЫҰ механизмдерінің дамып, жаңарып және қауіпсіздікті нығайтуда маңызды рөл ойнауын жалғастыруына мүдделіміз, - деді шетелдік меймандарар алдында сөз сөйлеген Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев.

 
 

ЕҚЫҰ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Форумның бағасы бойынша Қазақстан Орталық Азия аймағындағы мемлекеттер арасында әскери-саяси өлшем шараларын қабылдау саласында көшбасшы болып отыр. ҚР Қорғаныс министрлігі еліміз аумағында 80-нен астам инспекция жасады.

 
 

ҚР Қарулы Күштерінің әскери нысандарына бару кезінде қатысушылар әскери бөлімдердің күнделікті қызметін көруге, инфрақұрылымы және оқу-материалдық базасымен толық танысуға мүмкіндік алады.

 
 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-y-ba-ylaushylary-aza-stan-or-anys-ministrligini-skeri-nysandaryna-inspekciya-zhasaydy-374238](https://yvision.kz/kk/post/e-y-ba-ylaushylary-aza-stan-or-anys-ministrligini-skeri-nysandaryna-inspekciya-zhasaydy-374238)