---
title: "Е.Максютова: Сауалнамаға қатысушылардың 80 пайыздан астамы соттардың ашықтық деңгейіне қанағаттанушылық білдірді"
description: "Сауалнамаға қатысушылардың 80 пайыздан астамы соттардың ашықтық деңгейіне қанағаттанушылық білдірді ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-22T09:26:26+00:00"
modified: "2016-09-30T05:24:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-maksyutova-saualnama-a-atysushylardy-80-payyzdan-astamy-sottardy-ashy-ty-de-geyine-ana-attanushyly-713014"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-maksyutova-saualnama-a-atysushylardy-80-payyzdan-astamy-sottardy-ashy-ty-de-geyine-ana-attanushyly-713014/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Е.Максютова: Сауалнамаға қатысушылардың 80 пайыздан астамы соттардың ашықтық деңгейіне қанағаттанушылық білдірді

> Сауалнамаға қатысушылардың 80 пайыздан астамы соттардың ашықтық деңгейіне қанағаттанушылық білдірді ...

Сауалнамаға қатысушылардың 80 пайыздан астамы соттардың ашықтық деңгейіне қанағаттанушылық білдірді , деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта.

Елена Максюта сот процестері қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисі қолданушылары арасында ағымдағы жылы жүргізілген онлайн-сауалнама қорытындысын таныстырды.

Сауалнама «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберіндегі сот органдары жұмысының негізгі индикаторларын айқындауға арналған 8 сұрақтан құралды. Осы ретте әрбір көрсеткіш өңірлер тұрғысында талданды. Онлайн-сауалнамаға қатысу үшін процеске қатысушыларға электронды цифрлық қолтаңбаның арқылы «Сот кабинеті» сервисіне тіркелу қажет болатын.

Онлайн-сауалнама басталған сәтте сервисте 57 751 тұтынушы тіркелген болса, оның аяқталған кезінде тұтынушылардың саны 80 460 адамды құрады. Онлайн-сауалнамаға барлығы 16 445 респондент қатысты.

Онлайн-сауалнаманың нәтижесіне сәйкес жалпы республика бойынша зерттеудің барлық бағыттары бойынша сот жүйесінің қызметіне оң баға берілді, сот қызметтерінің сапасына қанағаттанушылықтың жоғары деңгейі атап өтілді.

«Респонденттердің 87%-ы ақпараттық технологияны енгізу нәтижесінде сот төрелігі неғұрлым қолжетімді бола түсті деп есептейді. Сұрау салынғандардың 77,3%-ы сот сатыларының қысқаруы сот төрелігінің тиімділігін арттырады деп ойлайды. Қатысушылардың 81,2%-ы соттардың ашықтық деңгейіне (соның ішінде соттар ақпараттың қолжетімділігі, сотқа жүгіну тәртібі, сот істерін қараудың барысы мен нәтижесі және т.б.) қанағаттанушылық білдірген. Респонденттердің 73,4%-ы сотты әділ әрі бейтарап деп бағалаған», - деді Е.Максютова.

Сұрау салынғандардың 75,1%-ы судьялардың жоғары кәсіби деңгейін атап өткен. Қатысушылардың 79,3%-ы судьялардың жүріп-тұруының әдебі мен мәдениеті қойылған талаптарға сай келеді деп санайды. Сауалнамаға қатысушылардың 87,4%-ы процесті айдио-бейнетіркеу сот істерін қараудың сапасын арттыратындығын атап өткен. Жалпы алғанда сауалнама оған қатысушылардың 74,4%-ның соттар жұмысының сапасына қанағаттанатындығын көрсетті.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-maksyutova-saualnama-a-atysushylardy-80-payyzdan-astamy-sottardy-ashy-ty-de-geyine-ana-attanushyly-713014](https://yvision.kz/kk/post/e-maksyutova-saualnama-a-atysushylardy-80-payyzdan-astamy-sottardy-ashy-ty-de-geyine-ana-attanushyly-713014)