---
title: "Ең маңызды әріп"
description: "Сегізінші сынып. Геометрия сабағы. Мұғаліміміздің ылғи қолы тимейтін - өз сабағына практиканттарды ж..."
author: "pheeria"
published: "2012-03-05T22:15:01+00:00"
modified: "2012-03-05T22:15:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-ma-yzdy-rip-238231"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-ma-yzdy-rip-238231/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ең маңызды әріп

> Сегізінші сынып. Геометрия сабағы. Мұғаліміміздің ылғи қолы тимейтін - өз сабағына практиканттарды ж...

Сегізінші сынып. Геометрия сабағы. Мұғаліміміздің ылғи қолы тимейтін - өз сабағына практиканттарды жіберетін. Ал, сол күндердің бірі. Келді. Анау-мынау. Сабақты түсіндіре бастады. Бұрыштармен байланысты бір тақырып болған-ды, нақтысы есімде жоқ. Терминатор ағай (деп атайтынбыз :) ) бір бұрышты сызып:
- Бұның аты "Ң" болсын,- деді. "Ө" атты бұрыштар ғой! Неге барлығын қазақшаландырмасқа?

***

Өткен аптада бір ой келді маған. Әліпбиіміздің қай әрпі ең маңызды? Сол кезде миыма дереу "Ң" деп келді. Неге екенін білмеймін. Бірақ есіме алғаш келетін әріп осы. Сол-ақ әріппен диктант жазғанда проблемаларым болатын. Қазір енді көбірек түсіне бастадым оны. Ілік септігінде, және осы шақтың(мінеки, ілік септік!) екінші жақ анайы түрінде (сен барасың; қалайсың?; және т.б.) қолданылады. Айтылуы да қызық - мұрынның көмегімен шығады. Ұзын сөздің қысқасы - маған ұнайды өзі.

***

Басқа тілдерге келгенде, орыс тілінің ең маңыздысы "[ё](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%81_(%D0%BA%D0%B8%D1%80%D0%B8%D0%BB%D0%BB%D0%B8%D1%86%D0%B0))", испаншаның "[ñ](http://ru.wikipedia.org/wiki/%C3%91)", алманшаның "[ß](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D1%81%D1%86%D0%B5%D1%82)" деп білемін. Сол.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-ma-yzdy-rip-238231](https://yvision.kz/kk/post/e-ma-yzdy-rip-238231)