---
title: "Е.Досаев: 2015-2016 жылдар аралығында жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы үшін Ұлттық қордан 145 млрд теңге қарастырылды"
description: "2015-2016 жылдар аралығында жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы мен сатып алу үшін Ұлттық қорда..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-02T03:23:00+00:00"
modified: "2015-07-31T03:25:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-dosaev-2015-2016-zhyldar-araly-ynda-zhal-a-beriletin-t-r-yn-ylerdi-rylysy-shin-ltty-ordan-145-mlrd-523882"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-dosaev-2015-2016-zhyldar-araly-ynda-zhal-a-beriletin-t-r-yn-ylerdi-rylysy-shin-ltty-ordan-145-mlrd-523882/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Е.Досаев: 2015-2016 жылдар аралығында жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы үшін Ұлттық қордан 145 млрд теңге қарастырылды

> 2015-2016 жылдар аралығында жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы мен сатып алу үшін Ұлттық қорда...

2015-2016 жылдар аралығында жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы мен сатып алу үшін Ұлттық қордан 145 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында.

«2015-2016 жылдар аралығында жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы мен сатып алу үшін Ұлттық қордан 145 млрд теңге қарастырылды. Ағымдағы жылы 7000 астам пәтер сатып алынады, осы мақсатта республикалық бюджеттен 122 млрд теңге бөлінді», - деп мәлімдеді министр.

Е. Досаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айында кезекте тұрғандардың арасында жалпы көлемі 133 мың шаршы метр болатын 2 437 пәтерді алғашқы үйлестіру басталды.

«Ағымдағы жылдың маусым айында қосымша жалпы көлемі 21 мың шаршы метр болатын 360 пәтерді тізімде тұрғандардың арасында үйлестіру басталды. Қазіргі таңда жалпы көлемі 200,9 мың шаршы метр 3280 жалға берілетін пәтердің құрылысы жүргізілуде», - деп атап өтті ҰЭМ министрі.

Е. Досаев хабарлағандай, 2015 жылы Ұлттық қор есебінен жергілікті атқарушы органдарға 240 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үшін 30 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Тұрғын үйлердің құрылысы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды қамтамасыз ету бойынша жүргізілуде.

Сонымен, 2015 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту үшін 42,7 млрд теңге көлемінде мақсатты трансферттер бөлінді, оның ішінде Ұлттық қордан 17,5 млрд теңге бөлінді.

«Аталмыш қомақты қаржыға 170 жобаны жүзеге асяру басталды, оның ішінде 66 жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда», - деді Досаев.

«Жылу және су құбырларының желісін ескіруден сақтау мақсатында Ұлттық қор 2015 жылы 60 млрд теңге, 2016 жылы 90 млрд теңге қарыстырып отыр. Осы жылы 96 әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылуда», - деді министр.

Е.Досаевтың айтуынша, осы жылы ғана 266,3 км жылу және су құбырының желісі салынады, және 14 бірлік қазандық орнатылады.

«Бұл жүйелердің ескіруін 67 пайыздан 65 пайызға дейін қысқартады, 2015 жылы жұмыстың сапасы мен өміршеңдігін соза түседі. 2,5 мың тұрғын үй тұрғындарпына қызмет көрсетеді», - деді ол.

Сондай-ақ, ЕҚДБ мен 95 млн доллар көлемінде келісім орнатылды. Ол Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент қалаларында комунналдық инфрақұрылым желісін жаңғыртуға бағытталған.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23295/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-dosaev-2015-2016-zhyldar-araly-ynda-zhal-a-beriletin-t-r-yn-ylerdi-rylysy-shin-ltty-ordan-145-mlrd-523882](https://yvision.kz/kk/post/e-dosaev-2015-2016-zhyldar-araly-ynda-zhal-a-beriletin-t-r-yn-ylerdi-rylysy-shin-ltty-ordan-145-mlrd-523882)