---
title: "Еңбекшілдер ауданында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті"
description: "4 мамыр күні Еңбекшілдер ауданында «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының і..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-05-04T05:47:45+00:00"
modified: "2016-05-04T05:47:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bekshilder-audanynda-sybaylas-zhem-orly-syz-bolasha-ta-yrybynda-d-gelek-stel-tti-691896"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bekshilder-audanynda-sybaylas-zhem-orly-syz-bolasha-ta-yrybynda-d-gelek-stel-tti-691896/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еңбекшілдер ауданында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

> 4 мамыр күні Еңбекшілдер ауданында «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының і...

**4 мамыр күні** Еңбекшілдер ауданында «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының іс- шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық штаб мүлшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ө.Жомартов және Еңбекшілдер ауданының құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет саласының ардагері В.С. Бочковский сөз сөйледі.

Іс- шараның мақсаты – жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылды нығайту ісіне халықтың сенім деңгейін арттыру және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасын нығайту

Дөңгелек үстел барысында айшықты сұхбат өрбіді.Қатысушылар қолданыстағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қолданылып отырған шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға 19 адам қатысты.

![Еңбекшілдер ауданында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/6vyd61AI2fnY5AvjCS0Rx6262Y7cIv.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-bekshilder-audanynda-sybaylas-zhem-orly-syz-bolasha-ta-yrybynda-d-gelek-stel-tti-691896](https://yvision.kz/kk/post/e-bekshilder-audanynda-sybaylas-zhem-orly-syz-bolasha-ta-yrybynda-d-gelek-stel-tti-691896)