---
title: "Еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы жас адамдарды ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар"
description: "2016 жылы Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Павлод..."
author: "CRMI"
published: "2016-10-10T22:32:22+00:00"
modified: "2016-10-10T22:32:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-za-namasy-zh-ne-zh-myspen-amtu-m-seleleri-boyynsha-bas-bostandy-ynan-ayyru-oryndarynda-y-zhas--717445"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-za-namasy-zh-ne-zh-myspen-amtu-m-seleleri-boyynsha-bas-bostandy-ynan-ayyru-oryndarynda-y-zhas--717445/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы жас адамдарды ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар

> 2016 жылы Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Павлод...

2016 жылы Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен өзара ынтымақтасу туралы меморандумы шеңберінде «TANDAU» қоғамдық қоры бас бостандығынан айыру орындарындағы жас адамдардың әлеуметтенуіне және бейімделуіне бағытталған іс-шаралар топтамасын өткізеді.

Психологиялық бейімделу және оңалту, репродуктивті денсаулық бойынша өткізілген 10 тәжірибелік семинарлардан басқа, тамыздың 2-ші он күндігінде жұмыспен қамту орталығының мамандарымен еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша 3 консультациялық семинар өткізілді.

Семинарларды өткізген кезде жас адамдар жұмысқа орналастыру, қайта оқыту және әлеуметтік көмек түрлері бойынша қолданыстағы бағдарламалар туралы жалпы ақпарат алды:

- қайта даярлау және кәсіптік оқытудың тегін курстарында жаңа мамандық алу мүмкіндігі туралы түсіндірулер;

- бос жұмыс орындарына орналасу шарттару туралы түсіндірулер;

- әлеуметтік көмек түрлері және жәрдемақы төлеу тәртібі туралы түсіндірулер;

- әлеуметтік бейімделу орталықтарына қабылдау және онда тұру ережелері туралы түсіндірулер;

- жұмыссыз ретінде есепке тұру ережелері және т.б. туралы түсіндірулер.

Семинарлардың барлық қатысушылары консультациялық бөлімнен басқа, Павлодар қаласынының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен құрылып, арнайы әзірленген бүктемелер мен кітапшаларды алды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/VbxhrV24TS6VcYyR4GW7oUOk445id0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-bek-za-namasy-zh-ne-zh-myspen-amtu-m-seleleri-boyynsha-bas-bostandy-ynan-ayyru-oryndarynda-y-zhas--717445](https://yvision.kz/kk/post/e-bek-za-namasy-zh-ne-zh-myspen-amtu-m-seleleri-boyynsha-bas-bostandy-ynan-ayyru-oryndarynda-y-zhas--717445)