---
title: "Еңбек министрлігі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастықты нығайтуда"
description: "Еңбек министрлігі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастықты нығайтудаҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты ә..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-06-06T05:40:56+00:00"
modified: "2019-06-06T05:40:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-ministrligi-men-yunisef-yntyma-tasty-ty-ny-aytuda-833916"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-ministrligi-men-yunisef-yntyma-tasty-ty-ny-aytuda-833916/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еңбек министрлігі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастықты нығайтуда

> Еңбек министрлігі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастықты нығайтудаҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты ә...

Еңбек министрлігі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, сәрсенбі, 5 маусымда, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің бұрынғы өкілі Юрий Оксамитныймен, сондай-ақ оны осы қызметте ауыстырған Артур ван Дизенмен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы өзара іс-қимыл нәтижелерін, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы ынтымақтастықтың алдағы келешегін талқылау болды.

Еңбек министрі Юрий Оксамитныйге бірлескен тиімді жұмыс үшін алғысын білдірді, ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасы Үкіметімен ұзақ мерзімді табысты тарихын атап өтті және оны «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті.

«Өздеріңіз білетіндей, еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Тұңғыш Президент - Елбасының әлеуметтік саясаты қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Посткеңестік кеңістігіндегі елдерде үлкен жұмыс тәжірибесі бар, Сіз осы бөлігінде елеулі қолдау көрсетесіз. Әсіресе, біздің әлеуметтік қызметкерлерді аз қамтылған азаматтармен тиімді жұмыс жүйесінде оқытудағы табысты жұмысты атап өткім келеді», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Өз кезегінде, Юрий Оксамитный тараптардың одан әрі сындарлы ынтымақтастығын қажет ететін бірқатар бағыттарды атап өтті. Бұл ретте ол әлеуметтік саладағы жұмысты ерекше қиын деп атады.

«Бұл үлкен еңбек. Алайда, бүгінгі күні осы бағыттағы біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі Орталық Азияның басқа елдерінде үлкен қызығушылық тудырады», - деп атап өтті ол.

Жаңа өкіл Артур ван Дизенді қарсы ала отырып, ведомство басшысы әлеуметтік көмек саясатын дамыту, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызметтер, көші-қон үдерістері және т. б. саласындағы ынтымақтастық басымдықтарын атап өтті.

Өз кезегінде Артур ван Дизен алдағы уақытта қол жеткізілген нәтижелерді нығайту және алға қойылған міндеттерді шешуде одан әрі алға жылжу үшін күш-жігер жұмсайтынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Артур ван Дизен ағымдағы жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі қызметіне тағайындалды. Бұрын ол Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы әлеуметтік саясат жөніндегі өңірлік кеңесшісі болған (2015-2019 жж.).

Минтруда и ЮНИСЕФ укрепляют сотрудничество

Министр труда и социальной защиты населения Казахстана Бердибек Сапарбаев, в среду, 5 июня, провел встречу с экс-представителем ЮНИСЕФ в Казахстане Юрием Оксамитным, а также Артуром ван Дизеном, сменившим его на этом посту.

Целью встречи стало обсуждение результатов взаимодействия в области продвижения и защиты прав детей в Казахстане, а также дальнейших перспектив сотрудничества в реализации целей устойчивого развития.

Министр труда поблагодарил Юрия Оксамитного за совместную эффективную работу, отметил многолетнюю успешную историю сотрудничества ЮНИСЕФ с Правительством Республики Казахстан и вручил ему нагрудный знак «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» («Отличник в социально-трудовой сфере»).

«Как Вы знаете, с первых дней Независимости нашей страны социальная политика Первого Президента - Елбасы направлена на повышение благосостояния и улучшение качества жизни казахстанцев. Имея большой опыт работы в странах постсоветского пространства, Вы оказываете значительную поддержку в этой части. Особенно хочу отметить успешную работу в обучении наших социальных работников эффективной системе работы с малообеспеченными гражданами», - отметил Б.Сапарбаев.

В свою очередь, Юрий Оксамитный озвучил ряд направлений, в которых необходимо дальнейшее конструктивное сотрудничество сторон. При этом, он назвал работу в социальной сфере особенной сложной.

«Это большой кропотливый труд. Однако на сегодня впечатляющие результаты нашей совместной работы в этой части вызывают большой интерес в других странах Центральной Азии» - отметил он.

Приветствуя нового представителя Артура ван Дизена, глава ведомства обозначил приоритеты сотрудничества в сфере развития политики социальной помощи, социальной поддержки лиц с инвалидностью, социальных услуг, миграционных процессов и др.

В свою очередь Артур ван Дизен выразил уверенность в том, что в дальнейшем приложит усилия для укрепления достигнутых результатов и дальнейшего продвижения в решении поставленных задач.

Отметим, Артур ван Дизен назначен на должность представителя ЮНИСЕФ в Республике Казахстан 1 июня текущего года. Ранее он являлся Региональным советником по социальной политике в Ближневосточной и Северной Африке (2015-2019 гг.).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-bek-ministrligi-men-yunisef-yntyma-tasty-ty-ny-aytuda-833916](https://yvision.kz/kk/post/e-bek-ministrligi-men-yunisef-yntyma-tasty-ty-ny-aytuda-833916)