---
title: "Еңбек мині Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының халқына мемлекеттік қолдау шаралары жайын түсіндірді"
description: "A A A ҚР Бас прокуратурасының “Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасы аясында, әлеумет..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2017-06-20T00:17:59+00:00"
modified: "2017-06-20T00:17:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-mini-o-t-stik-aza-stan-oblysy-sarya-ash-audanyny-hal-yna-memlekettik-oldau-sharalary-zhayyn-t--770604"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-mini-o-t-stik-aza-stan-oblysy-sarya-ash-audanyny-hal-yna-memlekettik-oldau-sharalary-zhayyn-t--770604/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еңбек мині Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының халқына мемлекеттік қолдау шаралары жайын түсіндірді

> A A A ҚР Бас прокуратурасының “Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасы аясында, әлеумет...

- [A](http://www.enbek.gov.kz/kk/node/345037#) - [A](http://www.enbek.gov.kz/kk/node/345037#) - [A](http://www.enbek.gov.kz/kk/node/345037#)

![әлеуметтік қорғау](http://www.enbek.gov.kz/sites/default/files/styles/news_preview/public/20170606003035.jpg?itok=awYq8-Sz)

ҚР Бас прокуратурасының “Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасы аясында, әлеуметтік мәселелермен айналысатын мекемелер және прокуратура қызметкерлері жоба басталған 2017 жылдың 5 маусымынан бері Сарыағаш ауданы тұрғындарымен 22 кездесу өткізіп, әлеуметтік қорғау шаралары туралы ақпарат 1 058 адамға жеткізілді. Еске сала кетсек, “Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасында, тұрмыстық жәбірлеулерге қарсы тұрудың тиімді тетіктерін енгізу мен аталған саладағы құқықбұзушылықтар санын азайту мақсат етілген. Нәтижесінде, 109 азамат жеке тәртіпте көмекке жүгініп, олармен жан-жақты әңгімелесу жүргізілді. Қолға алынған іс-қимылдардың арқасында, аудан халқына келесі жәрдем түрлері көрсетілді:
- 1 адамға атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге қолдау жасалса, аз қамтылған отбасылардағы 12 жан жұмыссыз ретінде тіркелді; - “Өрлеу” мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 өтінім әзірленіп, 7 тұлға баспана алуға кезекке қойылды;
- денсаулығының нашарлығына шағымданған 4 адам мүгедектік тобын анықтауға қажет тексеруге жіберілсе, тағы 4 адамға мүгедектер қоларбасы берілді;
- тұрмысы төмен отбасылардағы 4 балаға жазғы демалысты қамтамасыз етуге қол ұшы созылса, осындай отбасылардағы 8 жеткіншек тегін мектеп киімін алатындар тізіміне енгізілді;
- 1 мүгедектің шипажайға жолдамаға өтініші қабылданса, 1 аз қамтылған отбасыға демеушілердің есебінен отын жеткізіліп берілетін болды;
- кене қаптап кеткен 2 тұрғын үйге тазалық жұмыстары жасалса, 2 адамның кәсіби даярлықтан өтуге қатысты құжаттары қабылданды;
- 1 адамға АХАЖ орындарында құжаттарын рәсімдеуге қолдау көрсетіліп, 1 тұрмысы төмен отбасыға алаяқтық жолмен алынған 110 мың теңге қаржысы қайтарылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қанатқақты жобаға әрі қарай да атсалыспақ райда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-bek-mini-o-t-stik-aza-stan-oblysy-sarya-ash-audanyny-hal-yna-memlekettik-oldau-sharalary-zhayyn-t--770604](https://yvision.kz/kk/post/e-bek-mini-o-t-stik-aza-stan-oblysy-sarya-ash-audanyny-hal-yna-memlekettik-oldau-sharalary-zhayyn-t--770604)