---
title: "Еңбек мерекесі – елдің берекесі"
description: "2016 жылдың 24 қыркүйек күні Ақжайық ауданында Еңбек күніне арналған «Еңбек мерекесі – елдің берекес..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-09-27T03:48:54+00:00"
modified: "2016-09-27T03:48:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-merekesi-eldi-berekesi-714147"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-merekesi-eldi-berekesi-714147/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еңбек мерекесі – елдің берекесі

> 2016 жылдың 24 қыркүйек күні Ақжайық ауданында Еңбек күніне арналған «Еңбек мерекесі – елдің берекес...

**2016 жылдың 24 қыркүйек күні** Ақжайық ауданында Еңбек күніне арналған «Еңбек мерекесі – елдің берекесі» атты шара өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты тәлімгерлердің жастарға жұмыстарын үйлестіруге тәжірибелік көмек көрсету, сонымен қатар идеологиялық және тәрбиелік жұмыстарды жаңғырту, жас мамандардың кәсіби біліктіліктерін шыңдау, тәртіппен заңдылықты нығайту болып табылады.

Шараға ауданның еңбек ардагерлері, жас мамандары және Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысты.

Салтанатты шара барысында түрлі саладағы үздік жұмысшылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Шара мәдени-көпшілік шаралармен жалғасты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-bek-merekesi-eldi-berekesi-714147](https://yvision.kz/kk/post/e-bek-merekesi-eldi-berekesi-714147)