---
title: "«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Жастар-ел тірегі» атты жаңа бағытпен толықтырылды"
description: "«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Жастар-ел тірегі» атты жаңа бағытпен толықтырылдыЕліміздің Тұңғыш ..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-06-19T06:18:28+00:00"
modified: "2019-06-19T06:18:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-memlekettik-ba-darlamasy-zhastar-el-tiregi-atty-zha-a-ba-ytpen-toly-tyryldy-834818"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-memlekettik-ba-darlamasy-zhastar-el-tiregi-atty-zha-a-ba-ytpen-toly-tyryldy-834818/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Жастар-ел тірегі» атты жаңа бағытпен толықтырылды

> «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Жастар-ел тірегі» атты жаңа бағытпен толықтырылдыЕліміздің Тұңғыш ...

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Жастар-ел тірегі» атты жаңа бағытпен толықтырылды

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аз қамтылған көпбалалы отбасыларды, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтар мен жастарды жұмысқа орналастыру, оқыту сапасын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаудың бірқатар жаңа шаралары көзделіп отыр.

Осылайша, Жастар жылы аясында мемлекеттік бағдарлама «Жастар-ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру» атты жаңа бағытпен толықтырылды. Аталған Ұлттық жоба «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» деген екі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады.

Атап айтқанда, жаңғыртылған 200 оқу орнының базасында индустриялық және сервистік 100 мамандық бойынша аса сұранысқа ие мамандар даярланатын болады. Үш жыл ішінде 200 мыңнан астам жастарды оқытып шығару жоспарлануда.

2021 жылға дейін жастар практикасымен қосымша 30 мың адам қамтылып, кемінде 60 мың жастар өкілі «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқитын болады.

Сондай-ақ, үш жыл ішінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жастарға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған еңбекке жарамды мүгедектігі бар азаматтарға 505 мың теңгеге дейінгі мөлшерде қайтарымсыз 30 мың грант беріледі. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгені құрайтын тағы 600 грант берілмек.

Бұдан басқа, жыл сайын жастарға, көпбалалы аналарға, мүгедектігі бар азаматтарға жеке ісін ашу үшін 6,5 млн. теңгеге дейін және якорлық кооперацияны дамытуға 20 млн. теңгеге дейін 5 мың микрокредит берілетін болады.

Новым направлением «Жастар – ел тірегі» дополнили госпрограмму «Еңбек»

В соответствии с поручениями Первого Президента страны – Елбасы, данными на XVIII съезде Партии «Нур Отан», внесены изменения и дополнения в государственную программу развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017–2021 годы «Еңбек».

В целях трудоустройства, повышения качества обучения и развития предпринимательства малообеспеченных многодетных семей, малообеспеченных трудоспособных инвалидов и молодежи, предусматривается ряд новых мер государственной поддержки.

Так, в рамках Года молодежи госпрограмма дополнена новым направлением «Реализация комплексных мероприятий национального проекта «Жастар – ел тірегі». Национальный проект будет осуществляться по двум направлениям «Жас маман» и «Жас кәсіпкер».

В частности, будут готовить специалистов по 100 наиболее востребованным индустриальным и сервисным профессиям на базе 200 модернизированных учебных заведений. За три года планируется обучить более 200 тысяч молодых граждан.

До 2021 года включительно молодежной практикой дополнительно охватят до 30 тыс. человек, не менее 60 тысяч представителей молодежи обучат основам предпринимательства «Бастау Бизнес».

Также в течение трех лет для реализации новых бизнес-идей выдадут 30 тыс. безвозмездных грантов молодежи, малообеспеченным многодетным семьям, малообеспеченным трудоспособным инвалидам в размере до 505 тыс. тенге. Еще 600 грантов на сумму 1,8 млрд. тенге выдадут начинающим молодым предпринимателям в рамках Государственной программы «Дорожная карта бизнеса 2020».

Кроме того, ежегодно молодежи, многодетным матерям, лицам с инвалидностью будут выдавать 5 тысяч микрокредитов в размере до 6,5 млн. тенге для открытия собственного дела, и до 20 млн. тенге для развития якорной кооперации.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-bek-memlekettik-ba-darlamasy-zhastar-el-tiregi-atty-zha-a-ba-ytpen-toly-tyryldy-834818](https://yvision.kz/kk/post/e-bek-memlekettik-ba-darlamasy-zhastar-el-tiregi-atty-zha-a-ba-ytpen-toly-tyryldy-834818)