---
title: "Еңбек инспекторлары І институттық реформаны талқылады"
description: "Ағымдағы жылғы 15 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жергілікті департаментімен Солтү..."
author: "finpolsko"
published: "2016-04-18T04:13:12+00:00"
modified: "2016-04-18T04:13:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-inspektorlary-i-institutty-reformany-tal-ylady-689632"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bek-inspektorlary-i-institutty-reformany-tal-ylady-689632/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еңбек инспекторлары І институттық реформаны талқылады

> Ағымдағы жылғы 15 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жергілікті департаментімен Солтү...

![Еңбек инспекторлары І институттық реформаны талқылады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/6piT2MOy2o5W7M8N87XIuaBFwCN848.jpg)

Ағымдағы жылғы 15 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жергілікті департаментімен Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұжымында кездесу ұйымдастырылды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тәжірибелік жүзеге асырылуы, соның ішінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер семинардың өткізілуіне басты себеп болды.

![Еңбек инспекторлары І институттық реформаны талқылады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Vu2Ekw0d8Ff7HIIanLcCP7ihyuG8al.jpg)

Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Ф. Степаненко Министрліктің басым бағыттарына тоқталып, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР жаңа Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке қабылдау, оны өткеру ресімдерінің өзгерістерімен таныстырды. Сонымен қатар баяндамашы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарымен күрестің және тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша алдын алу шараларының күшейтілгендігін тілге тиек етті. Әсіресе, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мәселелері бүге-шігесіне дейін талқыланды.

![Еңбек инспекторлары І институттық реформаны талқылады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/2798qBgzZ76wcT7A43MD30Ro7TP200.jpg)

Семинар барысында қатысушылар заңнамаға енген өзгерістерге қатысты сұрақтарын қойып, барлықтарына тиісті жауаптарын алды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-bek-inspektorlary-i-institutty-reformany-tal-ylady-689632](https://yvision.kz/kk/post/e-bek-inspektorlary-i-institutty-reformany-tal-ylady-689632)