---
title: "Ең бай киберспортшылар"
description: "Жыл сайын киберспорттық турнирлердегі жүлде қорлары өз рекордтарын жаңғыртуда. Әлемдік аренада бір р..."
author: "cybersport.kz"
published: "2022-03-30T08:34:33+00:00"
modified: "2022-03-31T05:58:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bay-kibersportshylar-963836"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-bay-kibersportshylar-963836/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ең бай киберспортшылар

> Жыл сайын киберспорттық турнирлердегі жүлде қорлары өз рекордтарын жаңғыртуда. Әлемдік аренада бір р...

Жыл сайын киберспорттық турнирлердегі жүлде қорлары өз рекордтарын жаңғыртуда. Әлемдік аренада бір рет жеңіске жеткен команданың әрбір мүшесі бір турнирде-ақ долларлы миллионер мүмкін. Былтырғы жылы Team Spirt Ресей командасы Dota 2 пәні бойынша The International 10-да жеңіске жетіп, $18,2 млн алды. Алайда, ойыншылар әлемдік турнирлерде тапқан табыстары бойынша ондық топқа кіре алмады. Міне, киберспорт саласында қаншалықты ірі көлемде қаржы айналымда.

Қызықты дерек. Басқа салалармен салыстырғанда Dota 2 –нің жүлделік қоры кез келген турнирлерде қалғандарынан әлдеқайда ірі болғандықтан ондаған ең бай кибератлеттер Dota 2 ойыншылары арасынан ерекшеленіп тұр,

Ал, кеттік!

1.Йохан «Notail» Сундштайн $ 7,18 млн.

Даниялық кәсіпқой киберспортшы, Dota 2-де ойыншы, «The International» -дың екі мәрте чемпионы және «The Major» төрт беделді турнирлерінің жеңімпазы

2. Ессе «JerAx» Вайникка $ 6,47 млн.

Финляндияда туылған кәсіпқой ойыншы, сондай-ақ «The International» және «The Major» турнирлерінің екі мәрте жеңімпазы.

3. Анатан «ана» Фам $ 6 млн.

OG құрамында «The International» 2018 және 2019 ж. Чемпионы.Жүлделі табыстарының сомасы бойынша тарихтағы үшінщі киберспортшы

4. Себастьян «Ceb» Дебс $5,77 млн.

2018 және 2019 жылдары International-да жеңіске жеткен команданың мүшесі болды, сонымен қатар Dota Major Championship төрт чемпионатын жеңген команданың бұрынғы бапкері

5. Топиас «Topson» Таавитсайнен $5,69 млн.

OG құрамында The International-дың екі мәрте чемпионы. Жүлделі табыстарының сомасы бойынша тарихтағы бесінщі киберспортшы

Ойнағыларыңыз келді ме?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-bay-kibersportshylar-963836](https://yvision.kz/kk/post/e-bay-kibersportshylar-963836)