---
title: "Ең алғашқы сән журналдарының қалыптасуы және дамуы."
description: "Әйелдер басылымдары, әсіресе 19-20 ғасырдың басында, дәстүрлі құндылықтар мен көзқарастардың сақталу..."
author: "Aruzhan Artyk"
published: "2023-04-20T09:01:55+00:00"
modified: "2023-04-20T09:01:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-al-ash-y-s-n-zhurnaldaryny-alyptasuy-zh-ne-damuy-987271"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/e-al-ash-y-s-n-zhurnaldaryny-alyptasuy-zh-ne-damuy-987271/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ең алғашқы сән журналдарының қалыптасуы және дамуы.

> Әйелдер басылымдары, әсіресе 19-20 ғасырдың басында, дәстүрлі құндылықтар мен көзқарастардың сақталу...

Әйелдер басылымдары, әсіресе 19-20 ғасырдың басында, дәстүрлі құндылықтар мен көзқарастардың сақталуына ғана емес, сонымен бірге олардың қалыптасуына да ықпал етті. Әйелдерге арналған арнайы баспасөз жасауға қызығушылық 18 ғасырда пайда болды.

Қазіргі әлемде әйелдер басылымдары кеңінен әрі тереңнен қалыптасқан: сән журналдары мен үй шаруасындағы әйелдерге арналған журналдардан бастап іскер әйелдер мен жас аналарға арналған басылымдарға дейін. Дегенмен, сұлулыққа деген құштарлық әйел табиғатының ең күшті қасиетітерінің бірі болып қала береді. Әйелдер әрқашан сәнге қызығушылық танытады осыған байланысты әйелдер баспасөзінің пайда болуына ықпал етті.

Сән журналдары пайда болғанға дейін француздар әртүрлі киімдерді адамға емес Pandora қуыршақтарға арнап тігіп жүрді. Яғни оларды манекендердер ретінде қолданып, Париж дүкендерінде көрмелерге қойды. Сән трендтерінің таралуы әйелдер баспасөзінің құрылуына негіз болды. Д.М.Раева өз зерттеуінде былай деп жазады: «Сән материалдық әлемге де (мысалы, киімге, жиһазға сән) және рухани (белгілі бір ойларға, идеяларға, мәлімдемелерге арналған сән) жатады. Ол белгілі бір дәуірдің идеалдарын білдіреді және қалыптастырады».

Алғашқы сән журналы 1672 жылы Францияның Лион қаласында «Галатный Меркурий» («Mercure galant») деген атпен шықты. Журналдың директоры Жан Донно де Визе болды. Негізгі журналдың бағыты әдеби-сыни журнал ретіне шыға бастады. Ең алғашқы мақаласы Испания королі Карл II мен Орлеан ханшайымы Мари-Луизаның үйлену тойының сипатында болды. Мақалада жаңадан үйленгендердің киімін егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіп сипаттап мақала жариялады. Келесі жылдан бастап журналдың келесі сандары Париж қаласында жаңа дүниемен яғни сән әлеміне арналған иллюстрациялармен басыла бастады. «Gallant Mercury» халық арасында тез танымал болды. Себебі журналда сәнді суреттер мен адамды қызықтыратын мақалалар көп басылды. Бірінші мақаласы жарияланғаннан кейін сән журналының оқырмандары бірнеше есе өсті. Мұндай басылымдарға қызығушылық Еуропа елдеріне де тез тарала бастады. 1693 жылдары Лондонда тікелей әйелдерге арналған бірінші басылым пайда бола бастады. Мысалы: «Ханымдар Меркурий» («Ladies Mercury»). Оның негізін ағылшын баспагері және журналисі Джон Делтон қалыптастырды. Дәл осы басылымда алғаш рет сұрақтар мен жауаптар айдары пайда болды, онда редакцияға жолдаған хаттардың басым бөлігі күнделікті сәнге қатысты сұрақтар болса, кейбір сұрақтар арсында махаббатқа байланысты мәселелер жайлы кеңестер де сұрап жолдаған. Осындай сұрақтарға қарамастан редакция басылымдары оқырмандардың жолдаған махаббат пен неке туралы және содан кейін ғана сән туралы әртүрлі сұрақтарға жауап беріп отырған. «Ханымдар Меркурийі» бай және аухатты ханымдарға арналған. «Lady's Mercury» толығымен дерлік сән үрдістеріне арналған және косметика, киім және аксессуарлар жайында да жаңалықтармен бөлісіп отырған.

18 ғасырдың басынан бастап сән журналдарының жазылушалары актрисалар, әншілер мен зайырлы ханымдар болды. XVIII ғасырдың екінші жартысында толығымен сәнге арналған алғашқы мамандандырылған басылымдар пайда болды. 1776 жылы Париж журналы «Galerie des modes et costumes francais» («Сән галереясы және француз костюмдері»), 1785 ж. ̶ француздық «Cabinet des modes ou les modes nouvelles» («Суреттер мен соңғы сәндерді басқару»), 1779 жылы немістің «Bertuch'sche Journal des Luxus und der Moden» («Сән және сән журналы»), 1786 - «Италиялық журнал des dames et des modes en France» («Әйелдер журналы және Франция сәні»), 1794 жылы – ағылшынның «Сән галереясы» («Сән галереясы») Эккерманн, 1797 жылы – француздық «Journal des Dames et des Modes» («Әйелдер сән журналы») және т.б. журналдар жарық көре бастады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/e-al-ash-y-s-n-zhurnaldaryny-alyptasuy-zh-ne-damuy-987271](https://yvision.kz/kk/post/e-al-ash-y-s-n-zhurnaldaryny-alyptasuy-zh-ne-damuy-987271)