---
title: "«Джиро д’Италия» жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға ат басын тіремек"
description: "«Джиро д’Италия» көпкүндігінің жүлдегері «Астана» велоклубының велошабандозы итальяндық Фабио Ару..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-06-11T00:10:37+00:00"
modified: "2014-06-11T00:10:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dzhiro-d-italiya-zh-ldegeri-fabio-aru-aza-stan-a-at-basyn-tiremek-417559"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dzhiro-d-italiya-zh-ldegeri-fabio-aru-aza-stan-a-at-basyn-tiremek-417559/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Джиро д’Италия» жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға ат басын тіремек

> «Джиро д’Италия» көпкүндігінің жүлдегері «Астана» велоклубының велошабандозы итальяндық Фабио Ару...

[!\[«Джиро д’Италия» жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға ат басын тіремек\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/06/20140610163919-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/06/20140610163919.jpg)

«Джиро д’Италия» көпкүндігінің жүлдегері «Астана» велоклубының велошабандозы итальяндық Фабио Ару Қазақстанға келеді, деп хабарлайды велокоманданың баспасөз қызметі.

Ару 19 маусым күні Астанада болады. Велошабандоз клубтың бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» компаниясының басшылығымен, сонымен қатар «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының жетекшілерімен, Қазақстанның велоспорт федерациясымен, Astanafans мүшелерімен кездеседі деп жоспарлауда. Сондай-ақ спортшы қазақстандық жас спортшыларға шеберлік сыныптарын өткізеді. 20 маусымда велошабандоз Алматыға барады. Еске сала кетейік, «Астана» қазақстандық велоклубының мүшесі Фабио Ару «Джиро д’Италия» көпкүндігінде үшінші орын алған болатын.

Басты сөздер: [Астана](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/251) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dzhiro-d-italiya-zh-ldegeri-fabio-aru-aza-stan-a-at-basyn-tiremek-417559](https://yvision.kz/kk/post/dzhiro-d-italiya-zh-ldegeri-fabio-aru-aza-stan-a-at-basyn-tiremek-417559)