---
title: "Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады! Келем деушілерге есік ашық!"
description: "2017 жылдың 7 маусымында «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашыл..."
author: "tracyb"
published: "2017-06-05T01:06:07+00:00"
modified: "2017-06-05T01:06:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dzheki-chan-astanada-y-ytay-kinosyny-festivalin-ashady-kelem-deushilerge-esik-ashy-768985"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dzheki-chan-astanada-y-ytay-kinosyny-festivalin-ashady-kelem-deushilerge-esik-ashy-768985/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады! Келем деушілерге есік ашық!

> 2017 жылдың 7 маусымында «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашыл...

2017 жылдың 7 маусымында «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді.

Бұл шараның бас ұйымдастырушылары - «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы мен *ҚХР* Баспасөз, *баспа**, *радио, *кино және телевизия* ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы*.*

Қытай киносы фестивалінің Қазақстандағы күндері ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытай актері, кинорежиссер, кинопродюсер – Джеки Чан болмақ.

Осы шарада Джеки Чан көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты фильмін тарту етпек. Бұл фильмде ол басты кейіпкер - Джеки атты қытай археологын сомдап шықты.

Айта кетсек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гулім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dzheki-chan-astanada-y-ytay-kinosyny-festivalin-ashady-kelem-deushilerge-esik-ashy-768985](https://yvision.kz/kk/post/dzheki-chan-astanada-y-ytay-kinosyny-festivalin-ashady-kelem-deushilerge-esik-ashy-768985)