---
title: "Дычконың шаршы алаңға қайта оралуы өзіне байланысты — Мырзағали Айтжанов"
description: "Дычконың жағдайы Қа­зақс­тан боксының барлық жан­күйер­лерін алаңдатып отыр. Деген­мен, ұлттық құра..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-10-30T00:38:48+00:00"
modified: "2013-10-30T00:38:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dychkony-sharshy-ala-a-ayta-oraluy-zine-baylanysty-myrza-ali-aytzhanov-382467"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dychkony-sharshy-ala-a-ayta-oraluy-zine-baylanysty-myrza-ali-aytzhanov-382467/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дычконың шаршы алаңға қайта оралуы өзіне байланысты — Мырзағали Айтжанов

> Дычконың жағдайы Қа­зақс­тан боксының барлық жан­күйер­лерін алаңдатып отыр. Деген­мен, ұлттық құра...

[!\[Дычко\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/photo_323671-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/photo_323671.jpg)

Дычконың жағдайы Қа­зақс­тан боксының барлық жан­күйер­лерін алаңдатып отыр.

Деген­мен, ұлттық құрамамыздың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Дычконың халі жақсарғанын айтып сендіруде, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

«Ваня қазір өзіне келді. Денсау­лы­ғы жақсы. Алайда оның шаршы алаңдағы болашағы өзіне ғана байланысты. Әлбетте, физикалық тұрғыда біз оны жар­ты жылдың ішінде-ақ қайта бабына келтіре аламыз. Бірақ психологиялық тұрғыдан алғанда бұл нокауттан қорытындыны өзі шығаруы тиіс. Жалпы, өз басым, мұндай боксшы­ны жоғалтып алғым келмейді. Әлі жас. Өмірі алда. Егер бабына қайта келсе, әлем чемпионаттарында да, Олимпиада ойындарында да жеңіске жететін болады. Біз оған 2014 жылдың сәуіріне дейін уақыт береміз. Демалсын, тынық­сын, барлығын ұмытсын. Одан кейін не боларын көреміз. Бір­неше турнирге қатыстырамыз да, алдағы уақытта оған үміт артуға бола ма, жоқ па соны шешеміз. Бәрі жақсы болса, Дычко келесі жылы жазғы Азия ойындарына қатысады», — дейді Мырзағали Құ­ланұлы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dychkony-sharshy-ala-a-ayta-oraluy-zine-baylanysty-myrza-ali-aytzhanov-382467](https://yvision.kz/kk/post/dychkony-sharshy-ala-a-ayta-oraluy-zine-baylanysty-myrza-ali-aytzhanov-382467)