---
title: "Дубайдың сіз білмейтін жақтары"
description: "Алайда, алтыннан жасалған қала туралы біз барлығын білеміз бе? Келесі ақпараттарға көз жүгіртіп көре..."
author: "zhazbalar"
published: "2018-02-07T12:35:44+00:00"
modified: "2018-02-07T12:38:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dubaydy-siz-bilmeytin-zha-tary-795733"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dubaydy-siz-bilmeytin-zha-tary-795733/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дубайдың сіз білмейтін жақтары

> Алайда, алтыннан жасалған қала туралы біз барлығын білеміз бе? Келесі ақпараттарға көз жүгіртіп көре...

Алайда, алтыннан жасалған қала туралы біз барлығын білеміз бе? Келесі ақпараттарға көз жүгіртіп көрелік.

Қоршаған орта. Сіз шөл далада қолдан жасалған қаланың табиғатқа қандай зиян әкелуі мүмкін екенін ойлап көрдіңіз бе? Экология туралы мұнда мүлде ойланбайды, тіпті билікке экология туралы қойылған сұрақтар үшін (мысалы, фабрикалардың қалдықтары қайда кетіп жатыр деген сияқты) түрмеге жабуы мүмкін.

![Дубайдың сіз білмейтін жақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/396193/cfc283589d9386e4dc1b11e5d68d97.jpg)

Тиымдардың қатаңдығы, көптігі. Күн ыстықта жағажайда құрбыларыңызбен демала аламайсыз. Көпшілік алдында құшақтасу, сүйісу үшін тағы да түрмеге жабуы мүмкін.

![Дубайдың сіз білмейтін жақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/396193/594183d1f9efff06d24739e9284729.jpg)

Расизм. БАӘ азаматы әрқашан кез-келген келімсектен көп табады. Ақ американдық немесе еуропалық жақсы жалақыға жұмысқа орналаса алса, шығыс Еуропа азаматтары орташа жалақыға орналасады. Ал үшінші әлем азаматтарын тек қара жұмысқа алады.

![Дубайдың сіз білмейтін жақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/396193/0c52529e3dda8b9ef70c817fb9bb25.jpg)

Аптап ыстық. Қаланың қолдан жасалған сұлулығына қарамастан, қаланың айналасы баяғы шөл дала. Климат сәйкесінше, жазда Цельсий шкаласы бойынша 50 градусқа жетсе, ылғалдылық 90 пайызға дейін көтеріледі.

![Дубайдың сіз білмейтін жақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/396193/00c80d45824357aca41e9b1e8391ab.jpg)

Жоғары жылдамдық. Дубайдағы мінсіз тегіс жолдарда, керемет жылдамдықпен, жаңадан шыққан он мыңдаған спорттық машиналар күн сайын ағылады. Мұнда кәдімгі жүргізушілер үшін қауіпті болып табылады, өліммен аяқталатын жол көлік оқиғаларының саны жыл сайын артып келеді.

![Дубайдың сіз білмейтін жақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/396193/a41c640284571e20886ff7782233cf.jpg)

Жасырын құлдық. Дубайға Индиядан, Пәкістаннан, Қытайдан көптеген келімсектер келеді. Заңсыз келген олардың көп жағдайда куәліктерін алып, жертөлелерде тәулік бойы жұмыс істетіп қояды. Бұл құлдық болмағанда немене?

![Дубайдың сіз білмейтін жақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/396193/cc41736de4d01d963562cb8286fb89.jpg)

Бұлыңғыр болашақ. Қара алтын БАӘ-нің әміршілеріне шөл далада нағыз ертегі қаласын салуға мүмкіндік берді. Олар ақша санамайды, келімсектерге жоғарыдан қарайды және осылай мәңгілік жалғасады деп ойлайды. Сарапшылардың пікірінше, 20 жылдан кейін Дубай мұнайдың есебінен өмірдің осындай жоғары деңгейін сақтай алмайды, ал шөлдегі қала жай ғана өледі.

![Дубайдың сіз білмейтін жақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/396193/54396c5e59def7f15d8ca8f256ae73.jpg)

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dubaydy-siz-bilmeytin-zha-tary-795733](https://yvision.kz/kk/post/dubaydy-siz-bilmeytin-zha-tary-795733)