---
title: "Дубайда Наурыз мерекесі тойланды"
description: "ӘБУ-ДАБИ. 25 наурыз. BAQ.KZ - Біріккен Араб Әмірліктерінде уақытша тұрып және жұмыс істеп жатқан қа..."
author: "nazgulnaz"
published: "2013-03-27T21:10:39+00:00"
modified: "2013-03-27T21:10:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dubayda-nauryz-merekesi-toylandy-343881"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dubayda-nauryz-merekesi-toylandy-343881/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дубайда Наурыз мерекесі тойланды

> ӘБУ-ДАБИ. 25 наурыз. BAQ.KZ - Біріккен Араб Әмірліктерінде уақытша тұрып және жұмыс істеп жатқан қа...

ӘБУ-ДАБИ. 25 наурыз. BAQ.KZ - Біріккен Араб Әмірліктерінде уақытша тұрып және жұмыс істеп жатқан қазақстандық отбасылар Дубайда Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтті.

![Дубайда Наурыз мерекесі тойланды](http://www.baq.kz/foto/434_9c2c107059ae01c32dc33f767d92979a.jpg)

Әбу-Дабидағы ҚР елшілігі мен Дубайдағы ҚР бас консулдығы әдемі ішкі жасаулары, ұлттық кәдесыйлары және тұрмыстық керек-жарақтары бар дәстүрлі ұлттық киіз үй тікті. Шара барысында қонақтар ұлттық тағамнан және дәстүрлі Наурыз көжеден дәм татты. Шараға құрметті қонақтар ретінде Қырғызстан және Әзербайжан консулдықтарының басшылары қатысты.

Қазақстанның БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Мусинов және ҚР-дың Дубайдағы бас консулы Асқар Шоқыбаев құттықтау сөздерін сөйледі. Дубай қаласындағы Наурыз мейрамының ресми бөлімінің соңында қазақстандықтар мен шара қонақтары «Қара жорға» ұлттық биін биледі. Мерекелік шараға алдын-ала дайындалған отандастарымыз қазақтың ұлттық салт-дәстүрін бейнелейтін қойылымдар қойып, домбыра шанағынан төгілте күй тартты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dubayda-nauryz-merekesi-toylandy-343881](https://yvision.kz/kk/post/dubayda-nauryz-merekesi-toylandy-343881)