---
title: "«Ду-думанды» күткен көрермен, күлуге дайын бол"
description: "«Хабар» телеарнасын қосқан, «Ду-думанды» күткен көрермен! Дуылдатып, думандатып қайта оралдық. Күлкі..."
author: "Jansaya"
published: "2014-11-27T04:13:00+00:00"
modified: "2014-11-28T07:54:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/du-dumandy-k-tken-k-rermen-k-luge-dayyn-bol-444136"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/du-dumandy-k-tken-k-rermen-k-luge-dayyn-bol-444136/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ду-думанды» күткен көрермен, күлуге дайын бол

> «Хабар» телеарнасын қосқан, «Ду-думанды» күткен көрермен! Дуылдатып, думандатып қайта оралдық. Күлкі...

*«Хабар» телеарнасын қосқан, «Ду-думанды» күткен көрермен!* * Дуылдатып, думандатып қайта оралдық. Күлкіден көрпе жамылуға дайын болыңыздар.*

![«Ду-думанды» күткен көрермен, күлуге дайын бол](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/72CHm4vasKN5dBmMB4fqerL9w8QKLH.jpg)

Тұмаумен алысып, жөтелмен жарысып жатсаңыздар, «Ду-думанның» күлкісі әзілмен ұшықтап, қалжыңмен аластап жібереді. Өйткені осы жексенбі «Ду-думан» бағдарламасында ақ халатты абзал жандардың басынан өткен қызықтарды тамашалай аласыздар.

![«Ду-думанды» күткен көрермен, күлуге дайын бол](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/E9Vl2hLMOqOsEvfN5XSNjTTBn7y4St.jpg)

![«Ду-думанды» күткен көрермен, күлуге дайын бол](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/0EmEPb662X1ZL91biT3OKJ8Vhc2hNf.jpg)

Езуіңізді жидырмайтын, күлкіңізді ішіңізге сыйдырмайтын лор-дәрігерлер («Екі езу» театры)! Сылап отырып сынықты салатын, жылатып отырып күлдіре алатын мануалист-мамандар («Күлкістан» театры)! Басыңыз ауырса анальгин, ыстығыңыз көтерілсе аспирин бола салатын пародист-дәрігерлер («Өнер қырандары» театры)! Күйзелісті кесіп, ашуыңызды қиып алып, орнына күлкі безін салып қоятын хирургтар «Шымкент шоу» театры!

![«Ду-думанды» күткен көрермен, күлуге дайын бол](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/410cE5Me7SToE0ldA82JktF5LteF8x.jpg)

Тұрақты әділ-қазылар мүшелері Уәлибек Әбдірайымов пен Алмат Сақатовқа белгілі эстрада әншісі Сейфуллин Жолбарыс қонаққа келді. Қонағымыз театрлардың өнеріне жоғарғы ұпайларды бере ме? Берілген сыннан қай театр мүдірмей өтіп, жеңімпаз атанады екен?

![«Ду-думанды» күткен көрермен, күлуге дайын бол](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/0QcYd755UrIzgcW9z4J0i5P3LNdSfD.jpg)

«Хабар» телеарнасынан тамашалауға асығыңыздар! Мереке күндері бізбен болыңыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/du-dumandy-k-tken-k-rermen-k-luge-dayyn-bol-444136](https://yvision.kz/kk/post/du-dumandy-k-tken-k-rermen-k-luge-dayyn-bol-444136)