---
title: "«Ду-думан»-да Илья Ильин қонақта!"
description: "14 желтоқсан, 20.00-де Күлкі әлемінің қайталанбас біріншілігі жалғасып жатыр! Ең сүйікті театрларды..."
author: "Jansaya"
published: "2014-12-12T06:27:00+00:00"
modified: "2014-12-12T06:29:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/du-duman-da-ilya-ilin-ona-ta-448303"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/du-duman-da-ilya-ilin-ona-ta-448303/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ду-думан»-да Илья Ильин қонақта!

> 14 желтоқсан, 20.00-де Күлкі әлемінің қайталанбас біріншілігі жалғасып жатыр! Ең сүйікті театрларды...

14 желтоқсан, 20.00-де Күлкі әлемінің қайталанбас біріншілігі жалғасып жатыр!

Ең сүйікті театрлардың жан аяспас жарысында кім және қалай үздік атанады? Осы апта біздің театрлар спорт әлеміне барлау жасайды. Сондықтан тақырыпқа сай таныстырайық.

Талай әзіл чемпионатының абсолютті чемпиондары «Екі езу» театры, кеңкілдетіп, селкілдетіп, жырқылдатып, қарқылдатып күлдіруден спорт шеберлері «Күлкістан» театры, пародия жанры бойынша барлық белдіктің иегерлері «Өнер қырандары» театры, күлкі кілемінде жауырындары жер иіскеп көрмеген балуандар «Шымкент шоу» театры шаршы алаңға шығып, мықтылардың мықтысын анықтамақ.

![«Ду-думан»-да Илья Ильин қонақта!](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/4TuR5DPhzsMyISA6TE4kHJ0wI19915.jpg)

Келе жатқан Тәуелсіздік меркесімен құттықтай отырып, жексенбі күні әзілдің ортасына, қалжыңның ауылына келіп қайуға шақырамыз! Бұл санда еліміздің намысын қорғап жүрген Илья Ильин, Серік Сәпиев, Геннадий Головкин сияқты батырларымызға жасалған пародияларды көре аласыздар...

[«Хабар»](http://www.khabar.kz/kz/ba-darlama/apy-alma-yzdar/item/5646-14-zhelto-san-20-00-de-du-duman) арнасындағы «Ду-думан» ойын-сайық бағдарламасынан көз жазып қалмаңыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/du-duman-da-ilya-ilin-ona-ta-448303](https://yvision.kz/kk/post/du-duman-da-ilya-ilin-ona-ta-448303)