---
title: "ДСҰ: Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел болуға мүмкіндігі жетеді"
description: "Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел болуға мүмкіндігі жетеді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбаты..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-09-03T01:05:00+00:00"
modified: "2015-10-01T01:06:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ds-aza-stanny-b-sekege-abiletti-el-bolu-a-m-mkindigi-zhetedi-526562"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ds-aza-stanny-b-sekege-abiletti-el-bolu-a-m-mkindigi-zhetedi-526562/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ДСҰ: Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел болуға мүмкіндігі жетеді

> Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел болуға мүмкіндігі жетеді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбаты...

Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел болуға мүмкіндігі жетеді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС бас директоры Владимир Лихтей.

«Қазақстанның ДСҰ-ға енуі отандық нарықтың дамуына әсер етеді, аталмыш бағыт бойынша әр түрлі көзқарас бар. Қазақстан бұл мақсатғқа өте ұзақ келді. Бұл орайда әлемдік нарықтар барлық ДСҰ елдері үшін ашылады», - деді ол.

Ол атап өткендей, отандық нарықтағы барлық компаниялар сақталмайды.

«Бұл бірлескен күрес болмақ, оның басты жеңімпазы тұтынушы болмақ. Меніңше, біздің елде бәсекеге қабілетті болатын барлық жағдай жасалған. Нарықтың ірі қатысушылары бұл іске дайындалды. Олар біз сияқты дайын деп ойлаймын», - деді ол.

2015 жылдың 22 маусымында Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі жұмыс тобы соңғы құжаттар пакетін мақұлдады. Биылғы жылдың желтоқсанында барлық қажетті рәсімдер жасалғаннан кейін Қазақстан әлемдік сауданың 98%-ын реттейтін халықаралық ұйымның толыққанды мүшесі атанады. ДСҰ-ға ену – өте салмақты қадам, ол біздің оң жамбасымызға келеді. Бұл қазақстандық тауар өндірушілер үшін де, біздің тұтынушылар үшін де үлкен мүмкіндік. ДСҰ-ның арқасында Қазақстанның экспорттық тауарлары мен өнеркәсіпшілер үшін, әсіресе, мұнай мен пайдалы қазбалар үшін жаңа нарықтар ашылады. Сапалы тауарларды көңілге қонымды бағалармен сатып алатындықтан, ұйым тұтынушылар үшін де тиімді. Біз ұйымға мүше елдермен тең дәрежеде боламыз. Қазақстанның ДСҰ-ға енуі тарихи маңызды оқиға. Ол бізді әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуімізге жақындадатын қадамдардың бірі. Біз оған 19 жыл дайындалдық, біз аграрлық саладағы өз позициямызды ұстап қала білдік. Әрине бұл тым ұзақ шығар, алайда біз келіссөздер барысында өз мүддемізді қорғай білдік. Отандық бизнестің қаншалықты әлемдік брендтермен бәсекелесе алатынына келетін болсақ онда бұл сұраққа бір реттік жауап беру мүмкін емес екенін айтқым келеді. Әрине, алғашқыда біз кішкене жоғаламыз десек болады, алайда біз бұдан өтуіміз керек. Біз үшін мұны біреу істеп бермейді. ДСҰ-ның бәсекеге толы ортасы бизнестің тұтынышулар туралы ойлауға итермелейді.

Естеріңізге сала кетейік, ДСҰ-ға ену туралы келіссөздер 19 жылға созылды. Қазақстан 1996 жылы 29 қаңтарда ДСҰ-ға ену туралы өтініш берген болатын.Ресми түрде біздің мемлекетіміз сауда ұйымының 162 мүшесі болады.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/24420/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ds-aza-stanny-b-sekege-abiletti-el-bolu-a-m-mkindigi-zhetedi-526562](https://yvision.kz/kk/post/ds-aza-stanny-b-sekege-abiletti-el-bolu-a-m-mkindigi-zhetedi-526562)