---
title: "ДСҰ-ға кіруді барлық мәселелердің шешімі деп қарауға болмайды – А. Мамытбеков"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат – ДСҰ-ға кіруді барлық мәселелердің шешімі деп қарауға болмайды. Бұл туралы бүгін..."
author: "msh"
published: "2015-07-02T22:40:35+00:00"
modified: "2015-07-02T22:40:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ds-a-kirudi-barly-m-selelerdi-sheshimi-dep-arau-a-bolmaydy-a-mamytbekov-518388"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ds-a-kirudi-barly-m-selelerdi-sheshimi-dep-arau-a-bolmaydy-a-mamytbekov-518388/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ДСҰ-ға кіруді барлық мәселелердің шешімі деп қарауға болмайды – А. Мамытбеков

> АСТАНА. ҚазАқпарат – ДСҰ-ға кіруді барлық мәселелердің шешімі деп қарауға болмайды. Бұл туралы бүгін...

![ДСҰ-ға кіруді барлық мәселелердің шешімі деп қарауға болмайды – А. Мамытбеков](https://storage.yvision.kz/images/user/msh/krjcB0ILi0T6Ey457bkiX2541rw8ne.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат – ДСҰ-ға кіруді барлық мәселелердің шешімі деп қарауға болмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің аяқталуы туралы» баспасөз мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.

“ДСҰ-ны қандай да бір санаторий немесе барлық мәселелердің шешімі деп қарастыруға болмайды. ДСҰ – бәсекелестіктің жаңа сатысы, жаңа белестер мен жаңа тәуекелдер. Бұл импортшылардың мүмкіндіктерінің артуы”, – деп атап өтті А. Мамытбеков.

Оның айтуынша, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жаңа инвестициялар тартуға, дау-жанжалдарды халықаралық соттарда шешуге, сондай-ақ халықаралық сауда ережелерін құруға атсалысуға мүмкіндік береді.

“Менің ойымша, ауыл шаруашылығы үшін көптеген мүмкіндіктер болады. Біздің ендігі міндетіміз сол мүмкіндіктерді жіберіп алмай, жүзеге асыра білу болмақ”, – деді министр.

Источник: http://www.inform.kz/kaz/article/2792567

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ds-a-kirudi-barly-m-selelerdi-sheshimi-dep-arau-a-bolmaydy-a-mamytbekov-518388](https://yvision.kz/kk/post/ds-a-kirudi-barly-m-selelerdi-sheshimi-dep-arau-a-bolmaydy-a-mamytbekov-518388)