---
title: "Драматургия саласына мойын бұра бастадым...."
description: "Драматургия саласына мойын бұра бастадым....- Осы құтырған ит мені неше рет көрсе де, абалап үргенін..."
author: "ardana"
published: "2013-03-05T12:00:38+00:00"
modified: "2013-03-05T12:00:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dramaturgiya-salasyna-moyyn-b-ra-bastadym-340848"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dramaturgiya-salasyna-moyyn-b-ra-bastadym-340848/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Драматургия саласына мойын бұра бастадым....

> Драматургия саласына мойын бұра бастадым....- Осы құтырған ит мені неше рет көрсе де, абалап үргенін...

Драматургия саласына мойын бұра бастадым....- Осы құтырған ит мені неше рет көрсе де, абалап үргенін қоймайды, әкеңнің – деді ауыл әкімі Манап. – Сәлембердік, жеңше. Амансыз ба?- Ә, әкім қайным екенсің ғой. Амансың ба шырағым? Енді ол ит болған соң үреді дә. Анда-санда сүйек тастап тұрсаң ұмытпас еді ғой, - деп кеңкілдеп күледі.

- Әй, осы жеңешемнің әзілі де жарасымды ғой, өзіне, - дейді әкім.- Қой, мен шәй қояйын, - деп әйел орнынан тұра бастайды.

- Жо-жоқ, жеңеше. Мен асығыспын. Бұйыртқан шәй болса, кейін көре жатармыз. Мен әлгі...(күмілжиді).

- Иә, аманшылық па? – дейді әйел бір нәрседен секем алғандай.

- Аманшылық қой, әлгі...аманшылық болғанда да не ғой, әлгі...

- Не болды? Айтсаңшы енді, адамның жүрегін ауыртпай?

- Сіз тек уайымдамаңыз. Әлі белгісіз ғой...әлгі...

- Әй, шырағым, «әкесі өлгенді де естіртеді» деген, не болды соншама, соғыстан қаралы қағаз әкегендей, - деп әйел дауысын қатайтады.

- Қысқасы, мен әлі толық ештеңе білмеймін. Маған жаңа аудан орталығынан хабарласты. Әлгі сіздің үлкен қалада оқитын кенжеңіз...

- Апырмай, Санжарым...не болды...аман ба? – әйел жүрелеп көрпешеге отырып, жүрек тұсын басады. Әкім қасына жүгіріп келіп, үстел үстінен су алып береді.

- Аманшылық, жеңше, аманшылық. Аманшылық болғанда оны полиция қамап тастапты.

- Не дейді? Пәлициясы несі? Ол не, адам өлтіріп пе? – деп әйел жылап жібереді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dramaturgiya-salasyna-moyyn-b-ra-bastadym-340848](https://yvision.kz/kk/post/dramaturgiya-salasyna-moyyn-b-ra-bastadym-340848)