---
title: "Достық туралы өлең"
description: "«Досы көпті жау алмайды,Ақылы көпті дау алмайды»Деп мен емес,Атам қазақ үн қатқан,Достық жайлы талай..."
author: "uservk339952709"
published: "2021-05-06T06:29:37+00:00"
modified: "2021-05-06T06:29:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dosty-turaly-le-933836"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dosty-turaly-le-933836/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Достық туралы өлең

> «Досы көпті жау алмайды,Ақылы көпті дау алмайды»Деп мен емес,Атам қазақ үн қатқан,Достық жайлы талай...

«Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды»

Деп мен емес,

Атам қазақ үн қатқан,

Достық жайлы талай ақын жырлатқан.

Мен де бүгін тебіреніп, толғанып,

Жыр жазайын достық жайлы қуанып.

Қуанамын, шүкіршілік етемін,

Жауға бермес достарымның барына.

Мені қолдап, күлкі сыйлап әрдайым

Жүрсе екен мәңгі жадырап жанымда.

Еліктің еркелеген лағындай,

Бір үйдің бес қызындай жүрдік біз.

Күліп-ойнап тастан-тасқа секіріп,

Талай қызық кезеңдерден өттік біз.

Шын достықтың мәнін бірге ұғынып,

11 жыл бойы бірге жүріп келеміз,

Сынақтардың бәрін бірге жеңеміз.

Биыл біз де...

Төрт жолдың төрт торабына кетерміз,

Асу-асу белестерден өтерміз.

Бірақ, мен сенемін, білемін

Әлі де бірге жүреміз, әлі де бірге күлеміз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dosty-turaly-le-933836](https://yvision.kz/kk/post/dosty-turaly-le-933836)