---
title: "«Достық» оқу орталығы"
description: "Жылда 240-250-ге тарта оқушының 90 пайызын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғары дәрежеде өтуіне септі..."
author: "parmantai_s"
published: "2017-02-02T12:20:00+00:00"
modified: "2017-02-09T23:37:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dosty-o-u-ortaly-y-753609"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dosty-o-u-ortaly-y-753609/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Достық» оқу орталығы

> Жылда 240-250-ге тарта оқушының 90 пайызын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғары дәрежеде өтуіне септі...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/parmantai_s/5ef09RVdxsv595C59emNlx4a272SHW.jpg) Жылда 240-250-ге тарта оқушының 90 пайызын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғары дәрежеде өтуіне септігін тигізіп, талай бүлдіршінді армандаған жоғарғы оқу орындарына жетелеп отырған «Достық» оқу орталығының басты мақсаты өзгерген жоқ. Білім көрсеткіш дәрежесінің арта түсуіне барынша күш салуда.

«Достық» оқу орталығы – мектеп оқушыларының білімін арттыруға, балаларды түрлі тестілеулер мен лицейлерге дайындауға арналған орталық. Тек білім сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың – жастарымыздың ұлттық сана- сезімін оятып, тәрбиелеуді де басты орынға қоятын орталығымыз - бүгінгі күнде білім сапасын арттыруда оқу-жетілдіру, білім арттыру орталықтарынан көш алды ілгері келе жатқан беделді орталықтардың бірі. Қазіргі кезде Қазақстанның әр қалаларында «Достық» оқу орталығының 18 филиалы жұмыс істеп тұр. Астана қаласы Кенесары 51 мекенжайында орналасқан орталықтың директоры – Жұмабеков Данияр Жанатайұлының айтуынша, мекеменің басты мақсаты - қаражат тауып, бизнеспен айналысу емес, керісінше жас бүлдіршіндердің білімін арттырып, армандарына жетулеріне үлес қосу. Сонымен қатар, оқушыларға ұлттық құндылықтарды таныту мақсатында мұражайлар мен тарихи орындарға, тарихи киноларға апарып таныстырып жатады. 5 бағыт бойынша білім беретін орталықтың бір академиялық сағатының орташа бағасы 800 теңгеден келеді. Бұл Астана қаласы үшін өте қолжетімді қаражат.

8 ер, 8 әйел мұғалім сабақ беріп жатқан орталықта жылына 500-ге жуық оқушы білім жетілдіру сабағына қатысады. Оқушыларды қабылдау, көбіне Қыркүйекте және Қаңтарда екі мезгілде жүзеге асады, және білім беру екі ауысыммен жүреді. Таңертең 4-8 сыныптар аралығындағы оқушыларды қабылдаса, түстен кейін 11- сыныптарды ҰБТ-ға және 9 сыныптарды ОЖСБ-ға дайындық сабақтары жүргізіледі. Орталық 3 бағытта жұмыс істейді. Алғашқысы, ең негізгісі – Ұлттық Бірынғай Тестілеуге дайындау, екіншісі – Назарбаев зияткерлік мектеп-лицейлеріне дайындау, ал үшіншісі – 4-сынып пен 111-сынып оқшыларына мектеп бағдарламасы бойынша қосымша сабақтар өткізу.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/parmantai_s/p1x2qqoL9iJS9o6n82g39kojvBNNk7.jpg)

Бұл орталыққа оқушылардың көптеп жазылуының бірден-бір себебі - мұғалімдердің білім беру сапасының жоғарылығы. Мұндағы ұстаздар жылына екі рет семинар сабағына барады, және үш рет тестілеуден өтіп отырады. Семинар сабақтар әр жылы әр қалада ұйымдастырылып, «Достық» оқу орталығының 18 филиалының ұстаздары бір-бірімен тәжірибе алмасып отырады. Биылғы жылғы өзгеріспен қайта еніп отырған тесттің кітапшаларын алғаш шығарып, дайындықты бірінші болып бастағаны – осы мұғалімдердің асқан білімділігі мен алғырлығының арқасында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dosty-o-u-ortaly-y-753609](https://yvision.kz/kk/post/dosty-o-u-ortaly-y-753609)