---
title: "Достастық кубогы: Ресей Қазақстан құрамасын сүріндірді"
description: "Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогы жолындағы жарысын аяқтады. Ширек финалда бізді..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-01-29T22:29:09+00:00"
modified: "2014-01-29T22:29:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dostasty-kubogy-resey-aza-stan-ramasyn-s-rindirdi-398059"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dostasty-kubogy-resey-aza-stan-ramasyn-s-rindirdi-398059/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Достастық кубогы: Ресей Қазақстан құрамасын сүріндірді

> Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогы жолындағы жарысын аяқтады. Ширек финалда бізді...

[!\[Достастық кубогы: Ресей Қазақстан құрамасын сүріндірді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140127082006-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140127082006.jpg)

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогы жолындағы жарысын аяқтады.

Ширек финалда біздің жігіттер Ресей құрамасынан ұтылып қалды. Бірінші таймды 1:1 есебімен тең аяқтаған. Ал екінші таймда қарсыластарымыз қақпамызға екі гол тоғытты. Қорытынды есеп- 1:3. Қазақстан сапынан бір голды Роман Муртазаев соқты.

Қазақстан 31 қаңтар күні 5-8 орын үшін Латвиямен күш сынасады, деп хабарлайды «Аламан».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dostasty-kubogy-resey-aza-stan-ramasyn-s-rindirdi-398059](https://yvision.kz/kk/post/dostasty-kubogy-resey-aza-stan-ramasyn-s-rindirdi-398059)