---
title: "Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі назарларыңызға интернет негіздері жайлы ақпарат беретін жаңа видеосабақтар курсын ұсынып отыр."
description: "Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі назарларыңызға интернет негіздері жайлы ақпарат беретін жа..."
author: "elimai"
published: "2012-12-05T06:09:05+00:00"
modified: "2012-12-05T06:09:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dostar-www-elim-ai-kz-leumettik-zhelisi-nazarlary-yz-a-internet-negizderi-zhayly-a-parat-beretin-zha-306701"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dostar-www-elim-ai-kz-leumettik-zhelisi-nazarlary-yz-a-internet-negizderi-zhayly-a-parat-beretin-zha-306701/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі назарларыңызға интернет негіздері жайлы ақпарат беретін жаңа видеосабақтар курсын ұсынып отыр.

> Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі назарларыңызға интернет негіздері жайлы ақпарат беретін жа...

Достар, [www.elim-ai.kz](http://www.elim-ai.kz/) әлеуметтік желісі назарларыңызға интернет негіздері жайлы ақпарат беретін жаңа видеосабақтар курсын ұсынып отыр. [Бұл видеосабақтардағы](http://elim-ai.kz/556) оқу материалдары интернеттегі жаңа технологиялардың қыр-сырын егжей-тегжейлі түсіндірумен қатар, қолданушының аталған технологияларды оңай, өздігінен меңгеріп алуына мүмкіндік жасайды. Курс 6 видеосабақтан тұрады. Әр сабақтың тақырыбы ондағы қосымша тармақтарда таратылып, кеңінен түсіндіріледі. Курстағы сабақтарда интернет технологияларына кіріспе, электронды пошта, файлдарды жүктеу қызметі, [IP-телефония, әлеуметтік желілер](http://elim-ai.kz/education?id=208), интернет қызметі және интернетке қосылу секілді тақырыптар қамтылған. Оқу материалдарының тиімділігі олардың видеосабақтар арқылы түсіндірілетіндігінде. Бұл курстар арқылы білім алам деушілер интернеттегі жаңа технологияларды меңгеруде қалыс қалмайтыны анық. IT-технологияларды меңгерем деуші оқушы, студент немесе жай ғана осы салаға қызығушылық танытқан кез келген тұтынушы интернет негіздерімен [www.elim-ai.kz](http://www.elim-ai.kz/) сабақтары арқылы танысуына мүмкіндігі мол.

![Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі назарларыңызға интернет негіздері жайлы ақпарат беретін жаңа видеосабақтар курсын ұсынып отыр.](http://storage.yvision.kz/images/user/elimai/i6PTHMPF8U4C1a57H5Z87ZI3f04Une.png)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dostar-www-elim-ai-kz-leumettik-zhelisi-nazarlary-yz-a-internet-negizderi-zhayly-a-parat-beretin-zha-306701](https://yvision.kz/kk/post/dostar-www-elim-ai-kz-leumettik-zhelisi-nazarlary-yz-a-internet-negizderi-zhayly-a-parat-beretin-zha-306701)