---
title: "Допты хоккей: Е.Нұғмановтың төрт добы «Ақжайыққа» жеңіс әкелді"
description: "22 қаңтар күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайы..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-01-22T23:45:59+00:00"
modified: "2014-01-22T23:45:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-e-n-manovty-t-rt-doby-a-zhayy-a-zhe-is-keldi-396993"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-e-n-manovty-t-rt-doby-a-zhayy-a-zhe-is-keldi-396993/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Допты хоккей: Е.Нұғмановтың төрт добы «Ақжайыққа» жеңіс әкелді

> 22 қаңтар күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайы...

[!\[Допты хоккей: Е.Нұғмановтың төрт добы «Ақжайыққа» жеңіс әкелді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140122181631-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140122181631.jpg)

22 қаңтар күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Воткинскінің «Знамя-Удмуртия» командасымен ойында 4:2 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайықтан» команда капитаны, шабуылшы Ескендір Нұғманов төрт доптың авторы атанды. Сөйтіп ол биылғы маусымда соққан доп санын 28-ге жеткізді. Бұған дейін «Ақжайық» биылғы жыл басталғалы қатарынан төрт рет жеңіліс тапқан болатын. Соның ішінде кеше «Знамя-Удмуртия» командасына 4:8 есебімен есе жіберіп еді. Ертең аталған командалар тағы бір кездесуін өткізеді. Қазіргі кезде 33 ұпайы бар «Ақжайық» екінші топта төртінші орында келеді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-e-n-manovty-t-rt-doby-a-zhayy-a-zhe-is-keldi-396993](https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-e-n-manovty-t-rt-doby-a-zhayy-a-zhe-is-keldi-396993)