---
title: "Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты"
description: "Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасын..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-01-31T00:13:25+00:00"
modified: "2014-01-31T00:13:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-aza-stan-ramasy-zhartylay-final-a-shy-ty-398352"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-aza-stan-ramasy-zhartylay-final-a-shy-ty-398352/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

> Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасын...

[!\[Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/photo_36337-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/photo_36337.jpg)

Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасын бет қаратпай жеңді.

Бірінші таймда Алексей Никишовтың шәкірттері жауапсыз бес доп салса, ойынның екінші кезеңі 6:3 болып аяқталды. Жалпы есеп — 11:3. Қазақстан құрамасы 1 ақпан күні жартылай финалда Швеция — Белоруссия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Әрине, бұл жерде әлемнің әлденеше рет чемпионы — шведтердің бәсі басым. Қазақстандықтардың қарсыласы да сол болары анық.

ОРАЛ. ҚазАқпарат -Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-aza-stan-ramasy-zhartylay-final-a-shy-ty-398352](https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-aza-stan-ramasy-zhartylay-final-a-shy-ty-398352)