---
title: "Допты хоккей: «Ақжайық» өз тобында бірінші орынға шықты"
description: "Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобында өнер көрсететі..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-02T03:47:34+00:00"
modified: "2013-12-02T03:47:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-a-zhayy-z-tobynda-birinshi-oryn-a-shy-ty-387715"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-a-zhayy-z-tobynda-birinshi-oryn-a-shy-ty-387715/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Допты хоккей: «Ақжайық» өз тобында бірінші орынға шықты

> Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобында өнер көрсететі...

[!\[«Ақжайық» допты хоккей командасы\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-18.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-18.jpg) Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» үшінші жеңісіне қол жеткізді. Кеше, 1 желтоқсан күні Қазанда «Динамо-Қазан-2» командасымен екінші кездесуін өткізген батысқазақстандықтар бұл ойында да қарсыластарын тізе бүктірді. Есеп — 5:4. «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов осы жолы екі голдың авторы атанып, төрт кездесуден кейін доп санын сегізге жеткізді. Бұл мачтан кейін 9 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бірінші орынға көтерілді. Дегенмен бұл топта әлі кездесулерін өткізбеген командалар да бар. Соның бірі «Знамя-Удмуртиямен» 3-4 желтоқсанда оралдықтар сырт айдында, Воткинск қаласында күш сынасады.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-a-zhayy-z-tobynda-birinshi-oryn-a-shy-ty-387715](https://yvision.kz/kk/post/dopty-hokkey-a-zhayy-z-tobynda-birinshi-oryn-a-shy-ty-387715)