---
title: "Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді"
description: "Астана қаласында болып жатқан Домбыра Partyде түсірілген фото. Блогерлердің ұйымдастыруынан бастау а..."
author: "kaztube1"
published: "2013-07-28T13:38:59+00:00"
modified: "2013-07-28T13:39:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dombyra-party-haly-ty-s-yikti-sharasyna-aynalyp-keledi-365628"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dombyra-party-haly-ty-s-yikti-sharasyna-aynalyp-keledi-365628/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді

> Астана қаласында болып жатқан Домбыра Partyде түсірілген фото. Блогерлердің ұйымдастыруынан бастау а...

Астана қаласында болып жатқан Домбыра Partyде түсірілген фото.

Блогерлердің ұйымдастыруынан бастау алған осы шара халықтың апта сайын күтетін жиынына айналды.

![Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/c4pbz2UCZxn018XeBenHtSL49Q0eO8.jpg)

Осы аптадағы Домбыра Party қонағы - Сон Паскаль.

![Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/l7X9j5zSKbQ6lYyqN7GHqWGcc0A3S7.jpg)

Домбыра тарта алатын кез келген жан Домбыра Party қатысушысы бола алады :-)

![Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/eO6HDS3sK33B4m8J1jRwb5UG9Ge6lP.jpg)

Домбыра Party ұйымдастырушыларының бірі - Алмас Алтай апта сайын әуелетіп ән шырқайды.

![Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/YHHjwmuyiLeZP07HMWfDS9f8fUjzTV.jpg)

Қыздар тіпті әннің мәтінін қағазға түсіріп әкеліпті. Дайындық мықты! :)

![Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/om909Nt4ivvpikN5v94frnJgyDx5RV.jpg)

Маралбек пен Алмас әр бейсенбі сайын ән айтып, кәсіби әншінің дәрежесіне көтеріледі, бұйырса :)

![Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/yDA9n7Wle91otudT1hUBx6FvnIJj1k.jpg)

Ай, масалардың жаны кіретін болды-ау, осынша адамды көргенде :) Бірақ, оған қарап жатқан халық жоқ, ән тыңдап, құлақ құрышын қандыруда.

![Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/3z6VyKnz4MML9UtYpV9qXgHGX1Dimb.jpg)

Әр бейсенбі сайын Нұржол аллеясында кешкі сағат 20:00де домбыраның күмбірін тыңдауға келіңіз!

![Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/0GDz5GMgaXp2OIxMY616luz6G7csP8.jpg)

Біз әр аптада болатын Домбыра Partyді қалдырмай түсіруге тырысамыз. Ол видеоларды мына жақтан көре аласыздар: [http://kaztube.kz/kz/video?category_id=45](http://kaztube.kz/kz/video?category_id=45)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dombyra-party-haly-ty-s-yikti-sharasyna-aynalyp-keledi-365628](https://yvision.kz/kk/post/dombyra-party-haly-ty-s-yikti-sharasyna-aynalyp-keledi-365628)