---
title: "Домбыра - қазақ халқының көнеден тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы"
description: "Тарихы тереңде жатқан ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оят..."
author: "zhanaozen.nurotan.kz"
published: "2020-12-19T09:52:55+00:00"
modified: "2020-12-19T09:52:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dombyra-aza-hal-yny-k-neden-tara-an-eki-ishekti-k-p-perneli-muzykaly-aspaby-894138"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dombyra-aza-hal-yny-k-neden-tara-an-eki-ishekti-k-p-perneli-muzykaly-aspaby-894138/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Домбыра - қазақ халқының көнеден тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы

> Тарихы тереңде жатқан ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оят...

Тарихы тереңде жатқан ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақ елін азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Тәуелсіздігімізбен бірге ұлттық санамыз оянып, салт-дәстүріміз, тіліміз бен діліміз қайта оралды.

Соның ішінде ең асыл қазынамыз қазақтың ғасырлар бойындағы қайғы-қасіретін, мұң-мұқтажын, қуанышын жеткізген қара домбырасы жөнінде әңгіме қозғамақпын.

Домбыра - қазақ халқының көнеден тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.

Сол пернелер мен екі ішекке сыйғызған жыр, толғау, терме, күй, ән шанағынан шалқыған жанр түрлері.

Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторлары Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім елді аузына қаратқан.

Бүгінгі күні сол мұраны жалғастырушылар да аз емес.

Атадан қалған мұраны жеткізуші, Жаңаөзендік "Мұнайшы" мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Өркен Туйебаевтың орындауындағы күйді ұсынамын.

Сілтемені басу арқылы бейнені көруге болады:

https://www.facebook.com/100013504802986/videos/1102469223546561/

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dombyra-aza-hal-yny-k-neden-tara-an-eki-ishekti-k-p-perneli-muzykaly-aspaby-894138](https://yvision.kz/kk/post/dombyra-aza-hal-yny-k-neden-tara-an-eki-ishekti-k-p-perneli-muzykaly-aspaby-894138)