---
title: "Додаға түсер қарсыластарымыз – «Динамо» мен «Дизель»"
description: "Ресейдің Жоғары хоккей лигасында биылғы маусымның негізгі додасы аяқталып, плей-оффтың бірінші сат..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-27T23:27:08+00:00"
modified: "2014-02-27T23:27:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/doda-a-t-ser-arsylastarymyz-dinamo-men-dizel-402901"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/doda-a-t-ser-arsylastarymyz-dinamo-men-dizel-402901/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Додаға түсер қарсыластарымыз – «Динамо» мен «Дизель»

> Ресейдің Жоғары хоккей лигасында биылғы маусымның негізгі додасы аяқталып, плей-оффтың бірінші сат...

[!\[Додаға түсер қарсыластарымыз – «Динамо» мен «Дизель»\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/photo_18962-300x166.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/photo_18962.jpg)Ресейдің Жоғары хоккей лигасында биылғы маусымның негізгі додасы аяқталып, плей-оффтың бірінші сатысында додаға түсетін жұптар анықталды, деп хабарлайды[Tengrinews.kz](http://kaz.tengrinews.kz/) тілшісі.

Биыл Қарағандының «Сарыарқасы» ЖХЛ-да (Жоғары хоккей лигасында) 4-орынға ие болды. Кеншілер клубы 50 ойыннан 95 ұпай еншіледі. «Сарыарқаның» алдын Нефтекамскінің «Торосы» (50 ойын, 100 ұпай), Пермнің «Молот-Прикамьесі» (50, 98) және Тюменнің «Рубині» (50, 98). Ал Өскенемннің «Қазцинк-Торпедосы» 50 ойыннан 82 ұпай жинап, 11-орынмен шектелді. Шығысқазақстандықтар маусымды тәп-тәуір бастағандарымен, былтырғыдай соңғы ойындарын сүреңсіз өткізіп, төмен сырғып кетті. Енді ЖХЛ біріншілігінің 16 үздік командасы (бұл лигада барлығы 26 команда бақ сынғана) плей-офф жүйесімен «Братина» кубогын сарапқа салады. Олар біріншіліктің негізгі додасындағы орындарына сәйкес мына жұптарда додаға түседі: Братина кубогының 1/8 финалы: /1/ «Торос» (Нефтекамск) – /16/ Сокол (Красноярск) /2/ «Молот-Прикамье» (Пермь) – /15/ «Титан» (Клин) /3/ «Рубин» (Тюмень) – /14/ «Ариада» (Волжск) /4/ «Сарыарқа» (Қарағанды) – /13/ Динамо (Балашиха) /5/ Кубань (Краснодарь) – /12/ «Лада» (Тольятти) /6/ «Дизель» (Пенза) – /11/ «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) /7/ «Южный Урал» (Орск) – /10/ «Нефтяник» (Альметьевск) /8/ ТХЛ (Тверь) – /9/ «Буран» (Воронеж) «Братина» кубогының 1/8 финалдық ойындары әр жұпта төрт жеңіске дейін жалғасады. Өздеріңіз байқап отырғандай, «Сарыарқа» Балашиханың «Динамосымен», ал «Қазцинк-Торпедо» Пензаның «Дизелімен» кездеседі. Қазақстан клубтарының плей-оффтың алғашқы сатысындағы ойындары 2, 3 және 6, 7 наурыз күндері, сондай-ақ қажет болса 10, 12, 14 наурыз күндері өтеді. ЖХЛ біріншілігі кестесінде жоғары тұрғандықтан «Сарыарқа» 2, 3 және (немесе қажет болса) 10, 14 наурыз күндеріндегі ойындарды өз айдынында өткізеді. Ал «Қазцинк-Торпедо» керісінше, бұл күндері Пензаға барады. Әр жұптағы командалардың біреуі төрт рет жеңіске жеткен бетте екеуара кездесулер тоқтатылады. Төрт рет жеңіске жеткені «Братина» кубогының келесі сатысына, яғни ширек финалға шығады.

Тектес:[Хоккей](http://kaz.tengrinews.kz/tag/%D0%A5%D0%BE%D0%BA%D0%BA%D0%B5%D0%B9)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/doda-a-t-ser-arsylastarymyz-dinamo-men-dizel-402901](https://yvision.kz/kk/post/doda-a-t-ser-arsylastarymyz-dinamo-men-dizel-402901)