---
title: "Диястың жеңісті жолын Ю.Путинцева жалғады"
description: "Лондонда кеше басталған Уимблдон турнирінде қазақстандық, әлемнің 95-інші ракеткасы, 20 жасар Юлия ..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-06-29T22:44:45+00:00"
modified: "2015-06-29T22:44:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/diyasty-zhe-isti-zholyn-yu-putinceva-zhal-ady-517631"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/diyasty-zhe-isti-zholyn-yu-putinceva-zhal-ady-517631/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Диястың жеңісті жолын Ю.Путинцева жалғады

> Лондонда кеше басталған Уимблдон турнирінде қазақстандық, әлемнің 95-інші ракеткасы, 20 жасар Юлия ...

# [!\[Диястың жеңісті жолын Ю.Путинцева жалғады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/photo_60873-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/photo_60873.jpg)

Лондонда кеше басталған Уимблдон турнирінде қазақстандық, әлемнің 95-інші ракеткасы, 20 жасар Юлия Путинцева өзінен жеті жас үлкен жаңазеландиялық, дүниежүзілік рейтингте 86-ыншы орында тұрған Марина Эраковичпен күш сынасты.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, тартысты өткен бірінші партияда тай-брейкте Ю.Путинцева 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Екінші партия 7:5 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші айналымда Юлия атақты американдық, Серенаның апасы, осы турнирдің 16-ыншы ракеткасы Винус Уильямспен шеберлік байқасады. Ол тағы бір американдық Мэдисон Бренглді бет қаратпай, 6:0, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Айта кетейік, Уимблдон турнирін жеңіспен бастаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс екінші айналымда белоруссиялық Александра Сасновичпен кездеседі. З.Дияс бірінші айналымда әлемнің 24-інші ракеткасы, итальяндық Флавия Пеннеттаның меселін қайырса, А.Саснович қытайлық Чжу Линьді 4:6, 7:5, 6:1 есебімен үш партияда ұтты. Австралиялық Кейси Деллакуамен бірге жұптық сайыста турнирді сәтті бастаған тағы бір қазақстандық Ярослава Шведова жекелей сында хорватиялық Мирьяна Лючич-Баронимен кортқа бүгін шығады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/diyasty-zhe-isti-zholyn-yu-putinceva-zhal-ady-517631](https://yvision.kz/kk/post/diyasty-zhe-isti-zholyn-yu-putinceva-zhal-ady-517631)