---
title: "Divoom iTour-20. Ықшам колонка, сапалы дауыс!"
description: "Бүгінгі таңда, мултимедия қондырғылары қаптап жатыр. Бірі аудио, бірі видео. Бірі сапалы, екіншісі ж..."
author: "toiguliyev"
published: "2013-02-17T16:07:05+00:00"
modified: "2013-02-17T21:52:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/divoom-itour-20-y-sham-kolonka-sapaly-dauys-332645"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/divoom-itour-20-y-sham-kolonka-sapaly-dauys-332645/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Divoom iTour-20. Ықшам колонка, сапалы дауыс!

> Бүгінгі таңда, мултимедия қондырғылары қаптап жатыр. Бірі аудио, бірі видео. Бірі сапалы, екіншісі ж...

Бүгінгі таңда, мултимедия қондырғылары қаптап жатыр. Бірі аудио, бірі видео. Бірі сапалы, екіншісі жоқ. Бірі арзан, басқасы қымбат. Қайсысы жақсы? Арзан және сапалы акустикалық өнім таңдауға болады ма? Табиғатта немесе далада тыңдауға арналған қай өнім дұрыс? Дәл осы сұрақтарға бүгін жауап тапқан секілдімін. **Divoom iTour-20** акустикалық жүйесі біздің сұрағымыздың жауабы болмақ. Divoom iTour, кіп-кішкентай болса да, дауысы өте сапалы және тұнық естіледі. Бірінші ұстаған кезде күмәнім болды. Бұл секілді өнім, өзінің өлшемдері бойынша, жоғары сапа және дауыс беруге күші жетпейді деп ойладым. Бірақ мен қателестім. «Қателескенім жақсы болды» - деп қуанып қалдым.:) Кіріспені созбай, бірден шолуға көшейін. Әрі қарай, төменде, суреттер арқылы толығырақ таныстырайын.

![by Toiguliyev Alisher for Smartshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/xy94kbRD1MHv8W4Ln9MP1D2O6UeHLM.jpg)

**Divoom iTour-20 Сипаттамасы**

Қуаты
2.8 Вт

Жиiлiктер ауқымы
100 ~ 20 000 Гц

Сигнал/шу ара қатынасы
> 85 дБ

Гармониялық бұрмалаулар
< 0,5 %

Динамиктер
32 мм, алюмини дифузоры

Аудио-ұяшық
мини-джек 3,5мм

Адаптерлер
Nokia, Sony Ericsson, Samsung

Реттеуіштер
Дауысын реттейтін үш позициялы ауыстырып қосқыш және қоректiң ажыратқышы

Көрсеткiштер
Қуат алу көрсеткіші (индикатор)

Материалдар
пластиктен жасалған тұрқы "лакталған", динамиктің метал торы

Қоректену
орнатылған аккумулятор 3.7В/300мАс

Габариттiк өлшемдері
50 x 50 x 35 мм

Қосымша ақпарат
USB порттан қуат алу (кабель жинақтың ішінде), немесе коректендiру блогiнен (опционалды)

**Қорабы және құрамы**

Сыртқы келбеті көз тартарлық, жақсы дизайнмен жасалған, пластик. Ішінде, өдеріңіз байқап отырғандай **iTour**дің өзі. Шолуда 2 түсті **Divoom** бар. Және өзіңіздің талғамдарыңызға байланысты **қара**, **қызыл**, **көк**, **жасыл**, **ақ**, **сары**, **қызғылт** және **сарғылт** түстерден таңдай аласыз.

![by Toiguliyev Alisher for Smrtshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/R2C109973oVMI3o5JfP2AMDTAUE4h3.jpg)

Сыртқы қақпағын ашқаннан кейін колонка мына түрде орналасқанын байқауға болады:

![by Toiguliyev Alisher for Smrtshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/jyTXiT4yzY41AUBLPt3t154uF828tn.jpg)

Ал ішіндегі қорапта құжаттары мен қуат алуға арналған USB кабель бар.

** **

![by Toiguliyev Alisher for Smrtshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/y05Z6N96ramkLwzjrlQGFQ8a3gzAcI.jpg)

**Астынан қарасаңыз**

** **** **

** **

![by Toiguliyev Alisher for Smrtshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/yzpH5Exf2ySLyX42x8D5KHl7166f2P.jpg)

**Divoom iTour-20, қолданылуы**

Ең басты артықшылығы **Divoom**ның өлшемдері және салмағы. Өлшемлері жоғарыда көрсетіп кеткендей өте ықшам. Бұл ықшамдылық қайда барсаңыз да еш кедергі болмайды. Диаметрі 5см ғана, ал қалыңдығы, жиналып тұрған күйде, 3.5см. Өзінің кішкентайлылығына қарамастан, барлық талаптарға жауап беріп тұр.

Жеке қарастырған кезде сыртқы көрініс мынадай:

Алғашқы күйі жабық болады. Оны ашу үшін, төменгі жиіліктерді жақсы ойнату үшін, сағат тіліне қарама-қарсы бұрайсыз (астыңғы бөлігі қозғалыссыз қалу керек)

![by Toiguliyev Alisher for Smartshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/08Y20ETy8rgBq4Yn5lgXuRP7VfQxBp.jpg)

![by Toiguliyev Alisher for Smartshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/VWfBDwD9M5SP91PsbGRlKS3klK5B1s.jpg)

![by Toiguliyev Alisher for Smartshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/eVesYL2BGWC9OB7hZyHXLMI981j3h0.jpg)

Қысқа өткізгіштерімен бір-біріне немесе аудио ойнату көзіне (телефон, смартфон, планшет және т.б.) қоссаңыз болады. Дәл осыны ерекшелігі деп айтсам қателеспеспін. Егер сізде осы өнімнің 5 немесе 10 данасы болса, **әрқайсысын бір-біріне қосу арқылы** өте мықты акустикалық жүйе құрастырсаңыз болады. Қуатты өзінің аккумуляторынан алатын болғандықтан сіздің плееріңіздің немесе телефоныңыздың батареясын өте аз қолданады (тіптім 10 дананы бірден қоссаңыз да).

![by Toiguliyev Alisher for Smartshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/oz9p2h2O5QipzW7Z7gHl7s8N5G4Wz0.jpg)

![Divoom iTour-20. Ықшам колонка, сапалы дауыс!](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/5OOOTD7uKQcfefeJ5YIjHZiBPMBB67.jpg)

![by Toiguliyev Alisher for Smartshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/7VuV2zYRa9MO5zK8oEdpuO722OJMGy.jpg)

![by Toiguliyev Alisher for Smartshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/y7gIaNzZ1Ux6AFgle7R77LXhF9R5HT.jpg)

![by Toiguliyev Alisher for Smartshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/w73v0gXHrAB3hs98B3miDxF4XbS0W5.jpg)

Өзімнің бөлмемде тыңдап тексеріп көрдім. Екеуі бір бөлмені толық тұнық дауыспен қамтамасыз етеді екен.

**Қуаты:**

Батареясының сиымдылығы **300мАс**. Бұл сыйымдылық колонканың жұмыс істеу уақытын **5-6 сағатқа **жеткізеді (үздіксіз тыңдаған кезде). 5 сағат, менің ойымша, тыңдауға толық жеткілікті. Заряды жағынан уаймдамай-ақ қойсаңыздар болады. Кез келген уақытта ноутбукке немесе компьютерге қосу арқылы, аз уақытта қуатын толтырып аласыз.

**Кімге арналған?**

Егер сіз көп қыдыратын немесе жолда (табиғатта) ән тыңдағанды жақсы көретін болсаңыз Divoom iTour-20 сізге арналған дер едім.

**Қорытынды:**

Өнім толығымен көңілімнен шықты. Қорытындыға артықшылығы мен кемшілігін жазайын.

**Артықшылығы**:

1) Әуен ойнату сапасы

2) Өлшемдері (50 x 50 x 35 мм)

3) Жұмыс істеу уақыты (5-6 сағат)

4) Дизайн

5) Өнімнің сапсы

6) Әрі-бері тасығанға өте ыңғайлы

**Кемшілігі**:

1) Қысқа кабель

**Бағасы** шамамен **2500** теңгеден басталады.

Эксперимент ретінде «Жәйфонғада» қосып көрдім. Радио тыңдауға болады екен.;)

![by Toiguliyev Alisher for Smartshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/SDG58tVaAZsHM8uTtdNcGqwXqIo81D.jpg)

Ал өлшемін салыстыру үшін гольф добымен салыстырдым.

![by Toiguliyev Alisher for Smartshow](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/AqONNsmFwnmsdYw3AuKKy8mQ77mFT0.jpg)

Оқығандарыңыз үшін үлкен рахмет! Пікір қалдырып, достарыңызбен бөлісе отырыңыздар.

(с) Alisher Toiguliyev [SmartShow](http://yvision.kz/smartshow/)үшін,

SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін [SmartShop.kz](http://smartshop.kz/) және [Divoom.kz](http://Divoom.kz) интернет-дүкендерге алғысын білдіреді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/divoom-itour-20-y-sham-kolonka-sapaly-dauys-332645](https://yvision.kz/kk/post/divoom-itour-20-y-sham-kolonka-sapaly-dauys-332645)