---
title: "«Дінтану сараптамасын жүргізудің мәселелері мен міндеттері»"
description: "2014 жылдың 24-маусымында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дінтану сараптамасын жүргізуд..."
author: "DinGovKz"
published: "2014-06-23T07:13:48+00:00"
modified: "2014-06-23T07:13:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dintanu-saraptamasyn-zh-rgizudi-m-seleleri-men-mindetteri-418937"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dintanu-saraptamasyn-zh-rgizudi-m-seleleri-men-mindetteri-418937/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Дінтану сараптамасын жүргізудің мәселелері мен міндеттері»

> 2014 жылдың 24-маусымында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дінтану сараптамасын жүргізуд...

2014 жылдың 24-маусымында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дінтану сараптамасын жүргізудің мәселелері мен міндеттері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Агенттіктің дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру.

Дөңгелек үстелдің міндеттері:
- дінтану сараптамасы жөніндегі теориялық және тәжірибелік мәселелерді талқылау;
- дінтану сараптамасын жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- дінтану сараптамасын жүргізудің тетіктерін әрі қарай жетілдіру бағытында ұсыныстар әзірлеу.

Аталған шараға мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, дінтанушы ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, ізденушілер мен БАҚ өкілдері қатысады.

Басталу уақыты - 10.00.

Қатысушыларды тіркеу - 09.30-10.00.

Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазжол Астана» қонақ үйі, Балқантау көшесі, 213 (Б.Момышұлы даңғылының қиылысы).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dintanu-saraptamasyn-zh-rgizudi-m-seleleri-men-mindetteri-418937](https://yvision.kz/kk/post/dintanu-saraptamasyn-zh-rgizudi-m-seleleri-men-mindetteri-418937)