---
title: "«Дінтану негіздері» пәнінің әдістемелік аспектілері»"
description: "2014 жылғы 4-5 қарашада Астана қаласындағы «Тілеп Қобыз» сарайында «Астана қаласының Дін істері жөні..."
author: "DinGovKz"
published: "2014-11-04T06:03:00+00:00"
modified: "2014-11-04T06:03:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dintanu-negizderi-p-nini-distemelik-aspektileri-437592"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dintanu-negizderi-p-nini-distemelik-aspektileri-437592/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Дінтану негіздері» пәнінің әдістемелік аспектілері»

> 2014 жылғы 4-5 қарашада Астана қаласындағы «Тілеп Қобыз» сарайында «Астана қаласының Дін істері жөні...

2014 жылғы 4-5 қарашада Астана қаласындағы «Тілеп Қобыз» сарайында «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» және «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен «Зайырлы мемлекет: «Дінтану негіздері» пәнінің әдістемелік аспектілері» тақырыбында біліктілігін арттыру семинары өтеді.

Семинарға қатысатын білім беру мекемелері директорларының орынбасарларына, дінтану пәнінің оқытушыларына, психологтары мен кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс инспекторларына «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құралдың тұсаукесері өткізіліп, дін аясындағы заңнамалар, республикадағы және қаладағы діни ахуалдың қазіргі жағдайы, сот шешімдерімен тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат, конфессияаралық келісімге тұғырланған қатынастарды сақтаудың маңыздылығы туралы дәрістер оқылып, тақырыптық тренингтер ұйымдастырылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dintanu-negizderi-p-nini-distemelik-aspektileri-437592](https://yvision.kz/kk/post/dintanu-negizderi-p-nini-distemelik-aspektileri-437592)