---
title: "Діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өткізілді"
description: "2018 жылдың 28 қарашада Батыс Қазақстан облысының діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отыры..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-11-29T05:59:39+00:00"
modified: "2018-11-29T05:59:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dini-birlestikter-basshylary-klubyny-kezekti-otyrysy-tkizildi-820558"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dini-birlestikter-basshylary-klubyny-kezekti-otyrysy-tkizildi-820558/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өткізілді

> 2018 жылдың 28 қарашада Батыс Қазақстан облысының діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отыры...

2018 жылдың 28 қарашада Батыс Қазақстан облысының діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тартудың негізі тәсілдері, конфессия аралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшеліктері мәселелері қаралды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі Б.Хайруллин қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту мәселелерін және мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттіктерін атқарумен байланысты сыйлық алуға тыйым салынғандығы жөнінде баяндады.

Отырысқа қатысушылар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатырған іс-шаралар туралы бейнеролик көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dini-birlestikter-basshylary-klubyny-kezekti-otyrysy-tkizildi-820558](https://yvision.kz/kk/post/dini-birlestikter-basshylary-klubyny-kezekti-otyrysy-tkizildi-820558)