---
title: "«Дін және азаматтық қоғам»"
description: "2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматы қаласындағы Достық үйінде ҚР Дін істері агенттігі, «Қазақстанның..."
author: "DinGovKz"
published: "2013-12-10T06:09:19+00:00"
modified: "2013-12-10T06:09:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/din-zh-ne-azamatty-o-am-388952"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/din-zh-ne-azamatty-o-am-388952/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Дін және азаматтық қоғам»

> 2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматы қаласындағы Достық үйінде ҚР Дін істері агенттігі, «Қазақстанның...

2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматы қаласындағы Достық үйінде ҚР Дін істері агенттігі, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі мен «Астана – Зерттеу» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін және азаматтық қоғам» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференция жұмысына ғалымдар, сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік орган, азаматтық қоғам және талдау жүргізу құрылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Конференция мақсаты: Дін саласындағы мелекеттік саясатты жүзеге асыру үрдісінде азаматтық қоғам өкілдерімен конструктивті байланыс орнату.

Өткізу уақыты: Басталуы – 10.00.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 – «Достық үйі».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/din-zh-ne-azamatty-o-am-388952](https://yvision.kz/kk/post/din-zh-ne-azamatty-o-am-388952)