---
title: "\"Дін - тәрбие діңгегі\" атты дөңгелек үстел"
description: "Шараның мақсаты – діннің шығу тарихымен жастарды таныстырып, мәнін және оның қоғамда алатын орнын ұғ..."
author: "mangystau.nurotan.kz"
published: "2020-11-06T09:45:29+00:00"
modified: "2020-11-06T09:45:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/din-t-rbie-di-gegi-atty-d-gelek-stel-871260"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/din-t-rbie-di-gegi-atty-d-gelek-stel-871260/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Дін - тәрбие діңгегі" атты дөңгелек үстел

> Шараның мақсаты – діннің шығу тарихымен жастарды таныстырып, мәнін және оның қоғамда алатын орнын ұғ...

Шараның мақсаты – діннің шығу тарихымен жастарды таныстырып, мәнін және оның қоғамда алатын орнын ұғындыру, діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу, рухани-адамгершілік тәрбие беру.

«Діни сауаты аз адамдар теріс ағымдардың соңынан ілесіп кетуі мүмкін. Әсіресе, жастар. Осы мәселелерді зерттегенде, діни сауатсыздық ең басты себеп екендігін анықтадық. Теріс ағымдар психологиялық тұрғыда алдау-арбау арқылы дегендеріне жетеді. Сондықтан жастармен осылай кездесіп, еркін сөйлесіп, алдын ала түсіндірме жұмыстарын жүргізген жөн. Бүгінде осы кездесуді ұйымдастырып отырған «Jas Otan» ЖҚ алғыс білдіремін», – дейді теолог Е.Төлеш.

Кездесу барысында жастар ислам ақидасы және басқа да толғандырған сұрақтарын сұрап, дәйекті жауаптарын теологтан алды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/din-t-rbie-di-gegi-atty-d-gelek-stel-871260](https://yvision.kz/kk/post/din-t-rbie-di-gegi-atty-d-gelek-stel-871260)