---
title: "«Дін мен дәстүр» байқауының ақтық мәресіне 10 үміткер жолдама алды"
description: "ҚМДБ-ның және Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің тікелей бастамасымен «Дін мен дәстүр» кітабын насихатта..."
author: "CRMI"
published: "2016-05-24T03:10:28+00:00"
modified: "2016-05-24T03:10:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/din-men-d-st-r-bay-auyny-a-ty-m-resine-10-mitker-zholdama-aldy-694647"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/din-men-d-st-r-bay-auyny-a-ty-m-resine-10-mitker-zholdama-aldy-694647/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Дін мен дәстүр» байқауының ақтық мәресіне 10 үміткер жолдама алды

> ҚМДБ-ның және Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің тікелей бастамасымен «Дін мен дәстүр» кітабын насихатта...

ҚМДБ-ның және Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің тікелей бастамасымен «Дін мен дәстүр» кітабын насихаттау мақсатында облыс жастары арасында өтіп жатқан «Оқып, тоқы да көлік ұтып ал!» атты бәйгенің екінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

 

Бұл туралы ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша және Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы хабарлады.

-Екінші кезеңде алғашқы айналымнан суырылып шыққан 20 үміткер бағын сынады. Нәтижесінде 10 үміткер бәйгенің соңғы кезеңіне өтті. Бұл жолы үміткерлер тест жобасы бойынша «Дін мен дәстүр» кітабының толық мазмұнын қамтыған 80 сұраққа жазбаша жауап берді, - деді А. Тойшыбайұлы.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/aF0IueoIdf42KPLAqwBIpEs6FDbnDI.jpg)

Ақтық мәре бірінші маусымға дейін өткізіліп, жеңімпаздар төртінші маусым күні марапатталады.

Павлодар облысының өкіл имамы Нариман Ермекұлының айтуынша, байқаудың үшінші кезеңінде әділқазылар алқасы үміткерлердің білімін сұрақ-жауап билеттері бойынша және қосымша қойылатын сұрақтар арқылы тексеріп, жүлдегерлерді анықтайтын болады.

 

**pavlodarnews.kz**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/din-men-d-st-r-bay-auyny-a-ty-m-resine-10-mitker-zholdama-aldy-694647](https://yvision.kz/kk/post/din-men-d-st-r-bay-auyny-a-ty-m-resine-10-mitker-zholdama-aldy-694647)