---
title: "Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шариф Қазақстандағы БАӘ Төтенше және өкілетті елшісі С.М. әл-Кетбимен кездесті"
description: "А.ж. 29-мамырында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақста..."
author: "DinGovKz"
published: "2013-05-29T23:31:35+00:00"
modified: "2013-05-29T23:31:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/din-isteri-agenttigini-t-ra-asy-lama-sharif-aza-standa-y-ba-t-tenshe-zh-ne-kiletti-elshisi-s-m-l-ket-355129"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/din-isteri-agenttigini-t-ra-asy-lama-sharif-aza-standa-y-ba-t-tenshe-zh-ne-kiletti-elshisi-s-m-l-ket-355129/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шариф Қазақстандағы БАӘ Төтенше және өкілетті елшісі С.М. әл-Кетбимен кездесті

> А.ж. 29-мамырында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақста...

**А.ж. 29-мамырында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірлігінің Төтенше және өкілетті елшісі Сухейл Матар әл-Кетбимен кездесті. Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын және осы үрдіс Қазақстан мен БАӘ-нің рухани үндестігімен нығайтылғанын атап өтті.**

Сондай-ақ кездесуде Астана қаласында Қазақ-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 6-шы бірлескен отырысы аясында ҚР Дін істері агенттігі мен БАӘ ислам істері және уақыптар жөніндегі бас агенттік арасында түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі қаралды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/din-isteri-agenttigini-t-ra-asy-lama-sharif-aza-standa-y-ba-t-tenshe-zh-ne-kiletti-elshisi-s-m-l-ket-355129](https://yvision.kz/kk/post/din-isteri-agenttigini-t-ra-asy-lama-sharif-aza-standa-y-ba-t-tenshe-zh-ne-kiletti-elshisi-s-m-l-ket-355129)