---
title: "Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша халықаралық орталығы Бас хатшысының көмекшісі Хатим Сәлим әл-Арнусты қабылдады."
description: "2013 жылғы 25 маусымда ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Король Абдалла бен Әбде..."
author: "DinGovKz"
published: "2013-06-25T06:52:39+00:00"
modified: "2013-06-25T06:52:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/din-isteri-agenttigini-t-ra-asy-ayrat-lama-sharif-korol-abdalla-ben-bdel-ziz-atynda-y-dinaraly-zh-ne-359325"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/din-isteri-agenttigini-t-ra-asy-ayrat-lama-sharif-korol-abdalla-ben-bdel-ziz-atynda-y-dinaraly-zh-ne-359325/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша халықаралық орталығы Бас хатшысының көмекшісі Хатим Сәлим әл-Арнусты қабылдады.

> 2013 жылғы 25 маусымда ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Король Абдалла бен Әбде...

**2013 жылғы 25 маусымда ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық ****сұхбат**** бойынша халықаралық орталығы Бас хатшысының көмекшісі Хатим Сәлим әл-Арнусты қабылдады. **

Кездесу барысында тараптар Сауд делегациясының а.ж. 25 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 10-жылдығына арналған Съез Хатшылығының мерейтойлық XII отырысы мен Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуының ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.

***Анықтама:**** Вена қаласында орналасқан Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық *сұхбат *бойынша Халықаралық орталық әлемдегі түрлі діндерді ұстанушылардың арасындағы үнқатысуды арттыру мен оның мүмкіншіліктерін кеңейту мақсатында ашылған. Орталық «тәуелсіз, саясат және экономика ықпалынан азат халықаралық мекеме болып табылады». Құрылтайшы мемлекеттер: Сауд Арабия Корольдігі, Австрия Республикасы мен Испания Корольдігі.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/din-isteri-agenttigini-t-ra-asy-ayrat-lama-sharif-korol-abdalla-ben-bdel-ziz-atynda-y-dinaraly-zh-ne-359325](https://yvision.kz/kk/post/din-isteri-agenttigini-t-ra-asy-ayrat-lama-sharif-korol-abdalla-ben-bdel-ziz-atynda-y-dinaraly-zh-ne-359325)