---
title: "Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға шапан кигізді"
description: "Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген атақты испаниялық опера әншісі Пласидо Домингоға шапан сыйлады. \"Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-17T11:31:50+00:00"
modified: "2024-03-17T11:31:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dimash-daybergen-plasido-domingo-a-shapan-kigizdi-1002339"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dimash-daybergen-plasido-domingo-a-shapan-kigizdi-1002339/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға шапан кигізді

> Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген атақты испаниялық опера әншісі Пласидо Домингоға шапан сыйлады. "Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін...

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген атақты испаниялық опера әншісі Пласидо Домингоға шапан сыйлады.

![Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға шапан кигізді](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/59797b7ce94c720acc17b31b0a123f.jpg)

"Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем.Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін,жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс.Бүгінгі күн - ертеңгі тарих", - деп жазды Димаш әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында Жорж Бизенің «Искатели жемчуга» операсынан дуэт шырқаған болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dimash-daybergen-plasido-domingo-a-shapan-kigizdi-1002339](https://yvision.kz/kk/post/dimash-daybergen-plasido-domingo-a-shapan-kigizdi-1002339)