---
title: "Әділет министрлігінің сайты мемлекеттік органдар арасында үздіктердің бірі болып танылды"
description: "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ақпаратқа қол жеткізу тур..."
author: "adiletgov"
published: "2016-11-04T06:36:17+00:00"
modified: "2016-11-04T06:36:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dilet-ministrligini-sayty-memlekettik-organdar-arasynda-zdikterdi-biri-bolyp-tanyldy-723983"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dilet-ministrligini-sayty-memlekettik-organdar-arasynda-zdikterdi-biri-bolyp-tanyldy-723983/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әділет министрлігінің сайты мемлекеттік органдар арасында үздіктердің бірі болып танылды

> Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ақпаратқа қол жеткізу тур...

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына жүргізілген мониторингті қорытындылады деп хабарлайды [Today.kz(link is external)](https://clck.yandex.ru/redir/dv/*data=url%3Dhttp%253A%252F%252Ftoday.kz%252F%26ts%3D1478261340%26uid%3D1368235861439291272&sign=c26106fbba66cd5f08d9eb6cf8501012&keyno=1) тілшісі.

Министрдің айтуынша, төрт министрлік пен өңірлердегі үш әкімдіктің интернет-ресурстары толық болып табылады.

«Біз орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 16-бабында белгіленген 52 индикатордың болуына үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз. Сонымен қатар мемлекеттік органдарға интернет-ресурстың мазмұнына сәйкес ұсынымдар беріледі. Ағымдағы жылдың қазан айында жүргізілген соңғы мониторинг көрсеткеніндей, әділет, энергетика, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, ШҚО,ОҚО, Алматы облыстарының интернет-ресурстары едәуір толық» - деп атап көрсетті Дәурен Абаев.

ҚР Әділет министрлігінің

баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dilet-ministrligini-sayty-memlekettik-organdar-arasynda-zdikterdi-biri-bolyp-tanyldy-723983](https://yvision.kz/kk/post/dilet-ministrligini-sayty-memlekettik-organdar-arasynda-zdikterdi-biri-bolyp-tanyldy-723983)