---
title: "Әділбек Жақсыбеков ШЫҰ-на мүше-мемлекеттер қорғаныс министрлері Кеңесіне қатысты"
description: "Бүгін Әділбек Жақсыбеков Бішкек қаласында өткізілген Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер ..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-06-26T03:54:46+00:00"
modified: "2013-06-26T03:54:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dilbek-zha-sybekov-shy-na-m-she-memleketter-or-anys-ministrleri-ke-esine-atysty-359521"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dilbek-zha-sybekov-shy-na-m-she-memleketter-or-anys-ministrleri-ke-esine-atysty-359521/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әділбек Жақсыбеков ШЫҰ-на мүше-мемлекеттер қорғаныс министрлері Кеңесіне қатысты

> Бүгін Әділбек Жақсыбеков Бішкек қаласында өткізілген Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер ...

**

![Әділбек Жақсыбеков ШЫҰ-на мүше-мемлекеттер қорғаныс министрлері Кеңесіне қатысты](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/260613/2.jpg)

Бүгін Әділбек Жақсыбеков Бішкек қаласында өткізілген Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері Кеңесіне қатысты. Қырғыз Республикасының астанасында қорғаныс ведомстволарының басшылары бейбітшілікті нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелерін талқылады.**

Кеңесте Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей Тәжікстан қорғаныс ведосмтволарының басшылары, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары ШЫҰ-ның қазіргі жағдайда дамуы жөнінде пікір алмасты.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған. Бұл үрдістер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың G-Global бастамасымен ұштасады. Аталған форум ынтымақтастықпен өзара түсіністіктің белсенді дамуына және біздің ортақ мүддемізге қызмет етеді. Сенім мен стратегиялық үнқатысуды алға бастыру идеясы қазақстанның сыртқы саясатындағы басты элементтердің бірі,- деді Әділбек Жақсыбеков.

ШЫҰ-на мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшылары халықаралық коалициалық күштердің белсенді орерациялары аяқталғаннан кейінгі Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

– Біздің еліміз Ауғанстандағы мәселелердің ретке келтірілу сұрақтарына ШЫҰ шеңберінде де белсенділік танытуда. Қазақстан келешекте де бейбіт өмірдің қалпына келуіне – әсіресе әлеуметтік және білім бағдарламасы мен жобаларына, гуманитарлық көмек көрсетуге жәрдем береді,-деді Қазақстан Қорғаныс министрі.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін, сондай-ақ терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, заңсыз наркотик айналымына және трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы қорғаныс министрлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту қажет екендігін атады. Кеңеске қатысушылар халықаралық келісім нормалары мен ұйымның жарғылық құжаттарын ШЫҰ кеңістігінде сақтаудың нәтижесінде серіктестік қарым-қатынастар қалыптасқандығын атап өтті.

– Инспекциялық қызметті жүргізудегі өзара қарым-қатынас та жоғары деңгейде екендігі байқалды. Біздің елдеріміз, достық пен тату-көршілікті қолдай отырып, өздері қабылдаған халықаралық оның ішінде әскери саладағы міндеттерін жоғары дәрежеде жауапкершілікпен орындауға қол жеткізуде, - деді Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы.

Кеңесте ШЫҰ-на мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшылары 2014-2015 жылдарға ынтымақтастық Жоспарын бекітті және ұйымға қатысты 2014 жылы Қытай Халық Республикасының территориясында өткізілетін «Бейбітшілік миссиясы-2014» бірлескен әскери террорға қарсы жаттығуына дайындық пен оны өткізу сұрақтарын талқылады. (Анықтама: «Бейбітшілік миссиясы-2010» Қазақстан Құрлық әскерлерінің Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» жалпы әскери полигонында өтті).

Кеңестің қорытындысы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері Бірлескен коммюникеге қол қойды.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dilbek-zha-sybekov-shy-na-m-she-memleketter-or-anys-ministrleri-ke-esine-atysty-359521](https://yvision.kz/kk/post/dilbek-zha-sybekov-shy-na-m-she-memleketter-or-anys-ministrleri-ke-esine-atysty-359521)